AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жазалы жасөспірімдер де заңды білуі керек

Жазалы жасөспірімдер де заңды білуі керек

Әлеумет 29.08.2024, 12:41 2,507
Жазалы жасөспірімдер де заңды білуі керек
Сурет: ашық дереккөз

Алматы қаласының ҚАЖ департаментіне қарасты №11 мекемесінде жазасын өтеп жатқан жасөспірімдер үшін 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Ата заң – елімнің қорғаны» атты мәдени іс-шара өтті. 

Оған Жамбыл атындағы қалалық жасөспірмдер кітапханасының көпшілік  іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Роза Сұлтанғазықызы және оқырмандар залы бөлімінің қызметкерлері Фариза Қадырғали мен Айтолқын Рақым мұрындық болды.

Мәдени іс-шараның мақсаты – жазалы жасөспірімдерге Ата заң жөнінде мәлімет беру, олардың заң алдындағы жауапкершілігін арттыру, олардың бас бостандығынан айырылса да өздерінің қоғамға керек азамат екенін сезінуге, түзелуіне көмектесу.

Кітапхана қызметкері Фариза Қадырғали Конституция туралы баяндамасын оқып, тарихтан бастап қазіргі күнге дейінгі қолданыстағы заңдарға толық түсініктеме берді.

Жазалы жасөпірімдер Конституция күні құрметіне екі тілде өлең оқыды. 

Ал Айтолқын Рақым жасөспірімдермен елдер мен жерлер туралы қызықты мәліметтер негізінде Quiz интеллектуалды ойынын өткізді. Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері дайындаған  жаңа кітаптар көрмесі де бозбалаларға ұнады. 

№11 мекеменің Сотталғандар арасындағы әлеуметтік-психологиялық тәрбие жұмысы бөлімі бастығы  әділет подполковнигі Алма Қойшыбайқызы  кітапхана қызметкерлеріне осынау тәрбиелік мәні үлкен іс-шара үшін алғысын білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ата заң #жасөспірім #кітапхана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);