Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Жат ағымның жетегінде кетпе

Жат ағымның жетегінде кетпе

Әлеумет 23.05.2024, 12:10 735
Жат ағымның жетегінде кетпе
Алматы қаласы әкімдігі

Құқықтық тәртіп әскері сақшыларымен экстремизмнің алдын алу бойынша кездесу өтті

Кейінгі жылдары халықаралық терроризм ауқымы, келтірілген залалдары мен жиілігі адамзаттың ең өзекті мәселесіне айналып отыр. Оның ішінде діни экстремизмнің орны бөлек. Діни экстремизм көп жағдайда саясатпен бірігіп, қоғамды тұрақсыздандыруға бағытталған және ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін құрал.

Осы орайда Сыр еліндегі Ұлттық ұланның 5547 әскери бөлімінде жеке құрамның өзге діни ағымдарға еріп кетпеуі, терроризм мен экстремизмнің құрбаны болудың алдын алу мақсатында кездесу өтті. Жиынға Қызылорда облысының Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің аға маманы-теолог Бақтияр Оспан, Қызылорда облыстық полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры Амангелді Құлахметов және 5547 әскери бөлімінің әскери полиция бөлімшесінің бастығы подполковник Қайтар Иманқұлов қатысты. 

Теолог Бақтияр Есенгелдіұлы зайырлы мемлекет, діни экстремизм мен терроризм ұғымдары, деструктивті діни ағымдардың және ғаламтор желісі арқылы діни білім алудың қауіптілігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында сот шешімі бойынша тыйым салынған экстремистік, террористік ұйымдар туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар жат ағымдардың жетегінде жүрген азаматтардың қоғамға қауіп тудыратын тұстарына тоқталып өтті.

Полиция майор Амангелді Изатуллаұлы мен подполковник Қайтар Иманқұлов жеке құраммен әңгімелесу барысында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл нысандарын, әлеуметтік желілерде діни экстремизмнің алдын алу әдістерін тілге тиек етіп, құқықтық сауаттылыққа ерекше назар аударды. Сондай-ақ жеке құрамға экстремистік бағыттағы құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілік бары түсіндірілді.

Кездесу соңында жат ағымның жетегіне еріп, оның құрбанына айналған жандар туралы бейнероликтер көрсетілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#экстремизм #Жат ағым #терроризм
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы "Ерболат Құдайбергеннің ұсталғанына" қатысты ақпаратқа жауап берді

Бүгін 14:15

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.