Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Жасына байланысты зейнетақыны қалай рәсімдеуге бол...

Жасына байланысты зейнетақыны қалай рәсімдеуге болады?

Әлеумет 28.08.2023, 07:50 908
Жасына байланысты зейнетақыны қалай рәсімдеуге болады?
Cурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматы қаласы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының өкілдері Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде зейнетақыны қалай дұрыс рәсімдеу керектігін және бұл үшін қандай құжаттар қажет екенін айтты.



«Зейнетке шығуға алдын ала дайындалу қажет, ХҚКО-на құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну, зейнетақы аударымдарының бар-жоғын тексеру, тиімді нұсқаларды есептеу қажет. Құжаттарды туған күнінен 10 күн бұрын тапсыру керек», - деді заңды және жеке тұлғалармен жұмыс істеу және электрондық іс макеттерін бақылау басқармасының басшысы Найла Мұхаметқалиева.



Тұрғылықты жері бойынша ХҚКО филиалдарына жүгінген кезде өзімен бірге мынадай құжаттар болуы қажет:
- жеке басын куәландыратын құжат;
- еңбек кітапшасы (немесе мұрағат мекемелерінің анықтамалары);
- білімі туралы құжат;
- әскери билет немесе қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) анықтамасы;
- неке туралы куәлік (тегі өзгерген кезде);
- балалардың туу туралы куәліктері (туу туралы актілік жазбадан үзінді немесе - азаматтық хал актілерін тіркеу органдары берген азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) және басқалар.


Егер қандай да бір құжат болмаса, мысалы, еңбек кітапшасы болса, ұйымнан мұрағат анықтамасын ұсынуға болады. Басқа жағдайда сотқа жүгініп, судьяның шешімін ұсыну қажет.


Спикер жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау 2001 жылғы 1 шілдеден бастап - 63 жасқа толған ер адамдарға, 58 жасқа толған әйелдерге жүргізілетінін еске салды.


Соның ішінде зейнетақы төлемдері әйелдерге жасы бойынша тағайындалады:
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап-58,5 жасқа толғанда; 
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап-59 жасқа толғанда; 
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап-59,5 жасқа толғанда; 
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап-60 жасқа толғанда; 
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап-60,5 жасқа толғанда; 
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап-61 жасқа толғанда; 
2028 жылғы 1 қаңтардан бастап-61,5 жасқа толғанда; 
2029 жылғы 1 қаңтардан бастап-62 жасқа толғанда; 
2030 жылғы 1 қаңтардан бастап-62,5 жасқа толғанда; 
2031 жылғы 1 қаңтардан бастап-63 жасқа толғанда.


Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек өтілін есептеу кезінде:
1) жеке және заңды тұлғалар төлейтін еңбек шарттары бойынша жұмыс;
2) әскери қызмет;
3) арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызмет, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет;
4) Мемлекеттік қызмет;
5) Кәсіпкерлік және табыс әкелетін өзге де қызмет;
6) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға, екінші топтағы мүгедектігі бар жалғызбасты адамға және жасы бойынша сырттан көмекке мұқтаж зейнеткерге, сондай-ақ сексен жасқа толған қарттарға күтім жасау уақыты;
7) 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар баланы күту уақыты және т. б.


Спикердің мәліметінше, жыл басталғалы жеті ай ішінде жасына байланысты зейнетақы төлемі  бойынша 4280 өтінім берілді.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі бойынша 4871 және портал арқылы өтінім бергендер 18, Халыққа қызмет көрсету орталығы бойынша 4853 өтінім берілген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#зейнетақы #ресімдеу #жасына қарай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Үлкен Алматы көліне апаратын жүргінші соқпағы 2026 жылы салынады

Бүгін 16:42

Алматыда жаңа перзентхана мен амбулатория құрылысына 3,6 млрд теңге бөлінеді

Бүгін 16:37

Алматыда тоғыз білім беру нысанының құрылысы аяқталып қалды

Бүгін 16:33

2026 жылы Алматының нақтыланған бюджеті 2,8 трлн теңге болды

Бүгін 16:28

Алматыда "Almaty Business – 2030" кәсіпкерлікті дамытудың жаңа бағдарламасы ұсынылды

Бүгін 16:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.