AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Жасыл қала: көктемде 64 мың көшет, күзде 33 мың жа...

Жасыл қала: көктемде 64 мың көшет, күзде 33 мың жас ағаш отырғызылды

Өмір-өзен 25.11.2021, 06:39 1,798
Жасыл қала: көктемде 64 мың көшет, күзде 33 мың жас ағаш отырғызылды
Сурет: Тengrinews.kz

Қазан айында мегаполисте қала тұрғындарына көшеттерді үлестіру бойынша «Жасыл қала» акциясы басталды.


Алматы тұрғындары қаланы көгалдандыруды қалай басқара алатыны туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Құсайынов айтып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Барлық тілек білдірушілер көппәтерлі үйлердің аулаларын және басқа да жалпы пайдалану орындарын көгалдандыра алады. Жасыл экономика басқармасы отырғызу үшін жапырақты ағаштардың көшеттерін тегін таратады. Осы күзде 1500-ге жуық ағаш көшеттері таратылды», - деді Серік Құсайынов.



Акцияның шарттары бойынша оған қатысушылар екі жыл бойы отырғызылған ағаштарды күту туралы кепілдік міндеттемеге қол қойып, жоспарланған отырғызу орнын, көшеттер санын және олардың тұқымдық құрамын көрсетуі тиіс. Көшеттерді тарату аудан әкімдіктері арқылы жүзеге асырылады. Отырғызғаннан кейін фотоесеп жіберу керек.


15 қарашадағы жағдай бойынша 33 193 көшет, оның ішінде 22 931 ағаш және 10 262 ағаш бұталары отырғызылды.


Алматы әкімінің орынбасары 2025 жылға дейінгі Дендрологиялық жоспардың әзірленгенін еске салды. Жергілікті органдардың жоспарында мегаполистің бір тұрғынына кемінде 10 м2 жалпы пайдалану орындарын жасыл екпелермен қамтамасыз ету көделген. Қазіргі кезде бұл көрсеткіш шамамен 7 м2 құрайды.


Ол қалада отырғызылған ағаштардың ассортименті климат пен топырақ құрамына байланысты ғылыми қауымдастықпен, ландшафт сарапшыларымен бірге таңдалатынын атап өтті. Сондай-ақ, әкімдіктің мақсаты қаланың әрбір ауданын біркелкі көгалдандырумен қамтамасыз ету. Алматыда жасыл желектерді суару үшін жаңа скважиналар салынды, арық желісі түгенделді, суару жұмыстары күшейтілді.


Зиянкестерге және зеңгі ауруларына қарсы төрт рет биологиялық өңдеу жолымен ағаштарды сауықтыру және емдеу бойынша профилактикалық жұмыс қатар жүргізіледі.


2021 жылдың көктемгі маусымында Jasyl Almaty бағдарламасы аясында өтемдік міндеттемелер есебінен 64 мыңнан астам ағаш отырғызылды, оның ішінде тұрғындардың қатысуымен аула ішіндегі аумақтарға ағаш отырғызылды.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #көгалдандыру #көшет #ағаш
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);