AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Жастарға шабыт сыйлайды

Жастарға шабыт сыйлайды

Не? Қайда? Қашан? 13.09.2022, 04:37 1,791
Жастарға шабыт сыйлайды
almaty-akshamy.kz

    VII Baiqonyr International Short Film Festival шымылдығы ресми жабылды. Кинофестивальдің ұлттық байқауындағы басты марапат – «Үздік фильм» атағын режиссер Михаил Плисконың «Рух» атты қысқаметражды картинасы жеңіп алды.



    Фильм өмірдің мәнін материалдық пайдаға ауыстырған Ерғалым есімді орта жастағы жүргізушінің оқиғасын баяндайды. Ол баласыз әйелі Жұлдызбен ажырасуға өтініш береді. Осы уақытта балалар үйінен 12 жасар бала Фарух қашып кетеді. Тағдыр Ерғалым мен Фарухты кездестіреді, нәтижесінде екеуінің де өмірі түбегейлі өзгереді.



    Байқауда Саха республикасынан (РФ) келген режиссер Илларион Яковлевтің «Таксист» картинасы да үздік атанды. Бұл жұмбақ жолаушыны кездестірген Толи есімді жүргізушінің оқиғасы... Анимациялық байқауда ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының көмегімен түсірілген Дильшат Рахматуллиннің «Бесік жыры» туындысы да үздіктер қатарынан табылды.




    Ұлттық байқауда ҰКҚМО-ның қолдауымен түсірілген тағы бір картина жүлделі болды – «Құс» фильміндегі рөлі үшін Ақмарал Зықаева «Үздік актриса» атанды. Сонымен бірге, «Қазақфильм» киностудиясының арнайы сыйлығын – толықметражды көркем фильмді бірлесіп шығару кезінде техникалық қамтамасыз ету мүмкіндігін Әлішер Жәдігеров «Қаңтар» атты жұмысымен ұтып алды. Бұл - Әлішердің халықаралық кинофестивальдердегі бірінші жүлдесі емес. Бұған дейінгі еңбектері – «Отау» және «Балық сорпа» қысқаметражды фильмдері Оңтүстік Корея, Португалия, Иран, Түркия және Италиядағы бәйгелердің жүлдегерлері атанған. Ал «Карантин» атты деректі фильмі 5-ші Baiqonyr ISFF-нің «Ең үздік деректі фильм» деп танылған еді.




    Естеріңізге сала кетейік, «Baiqonyr» – Қазақстандағы тұңғыш халықаралық қысқаметражды фильмдер кинофестивалі. Ол жеті жылдан бері жас кинематографистерге қолдау көрсетіп келеді және Қазақстанда ғана емес, жақын және алыс шетелдердің ондаған елінде де жаңа есімдерді танытуда.


     

    Телеграм арнаға жазылыңыз
    #Алматы #Кинофестиваль #жастар
    Бөлісу:
    Жүктелуде...

    Соңғы жаңалықтар

    «Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

    Бүгін 17:15

    Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

    Бүгін 16:24

    Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

    Бүгін 15:53

    Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

    Бүгін 14:45

    Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

    Бүгін 14:41
    Telegram
    Жазылыңыз
    AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

    "Alatau Aqparat" медиахолдингі

    Сілтемелер

    • Біз туралы
    • Байланыс
    • Жарнама
    • Жазылу
    • Газет архиві

    Байланыс

    • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
    • +77272930803
    Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
    Яндекс.Метрика
    // SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);