ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Жастар жұмыссыз қалмайды

Жастар жұмыссыз қалмайды

Әлеумет 21.01.2022, 12:36 1,252
Жастар жұмыссыз қалмайды
new.pavlodarnews.kz
Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша жергілікті бюджеттен 10 АЕК-ке Жастар практикасы бойынша төлем қосымша ұлғайтылатын болады.

Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша жергілікті бюджеттен 10 АЕК-ке Жастар практикасы бойынша төлем қосымша ұлғайтылатын болады.


Осылайша, Жастар практикасы бойынша жалақы 122,5 мың теңгені (40 АЕК) құрайды, оған Алматы әкімдігі 335,3 млн теңге бөлді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингінде Алматы әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымов мәлімдеді.



«Өткен жылы жұмыссыздық 5,3%-дан 5,1%-ға дейін төмендеді. Еңбек министрлігі белгілеген жоспар бойынша 51,7 мың, бір жылда 55,5 мың жаңа жұмыс орны құрылды. Жұмыссыздықты азайту бойынша жұмыстар жалғасатын болады», - деп атап өтті әкімнің орынбасары.



Ағымдағы жылы 7 ұлттық жоба (11 бюджеттік бағдарлама әкімшісі, 57 жоба) шеңберінде 13 267 жұмыс орнын құру жоспарлануда: «Сапалы білім беру» ұлттық жобасы – 2 393 бірлік (7 жоба), «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» - 1205 бірлік (24 жоба), «Кәсіпкерлікті дамыту» - 9 223 бірлік (23 жоба), «Орнықты экономикалық өсу» - 387 бірлік (3 жоба), «Ұлттық рухани жаңғыру» - 59 бірлік.



Жеке бастамалар аясында 3 әкімші 500 жұмыс орнын құрумен 20 жобаны іске асырады: туризм басқармасы – 258 бірлік, «Жасыл экономика» – 198 бірлік, спорт – 44 бірлік.


Кәсіпкерлік субъектілері қаланың 8 ауданында 30 994 жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр:
Алатау ауданы – 3800 бірлік, Алмалы ауданы – 4190, Әуезов ауданы – 4500, Бостандық ауданы – 4104, Жетісу ауданы – 3500, Медеу ауданы – 3700, Наурызбай ауданы – 3400, Түрксіб ауданы – 3800.



Жалпы, аталған шаралардың арқасында кем дегенде 50 мың жұмыс орнын құру міндеті қойылды.


Бұдан басқа, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша жастарды кәсіптік-техникалық даярлау және жұмыссыздарды қайта оқыту күшейтіліп, кейіннен жұмысқа орналастырылады.


Ол үшін жұмыссыздарды қысқа мерзімді оқыту бойынша оқу бағдарламалары қайта қаралатын болады (мерзімі – 3 ай).



«Тәжірибе көп болады, ағылшын тілін, жұмысшы кәсіптерінің ақпараттық технологияларын оқыту бойынша сағаттарды қоспағанда, тиімсіз үлгілік оқытудан кетеміз. Оқыту практикаға бағдарланған (практика барысында теорияны оқыту), дағдыларға үйретуге бағытталған болады», - деп атап өтті М. Қиқымов.



Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоспар аясында қосымша 3 ай мерзімге (кейіннен жұмысқа орналастыра отырып) 20 АЕК (61 260 теңге) төлемді төлемді субсидиялап, жұмыс берушілерде жұмыс орнында оқыту бойынша жаңа тетік іске қосылады.



Ағымдағы жылдан бастап жастар практикасы бойынша жалақы 25-тен 30 АЕК-ке дейін (91 890 теңге) ұлғайтылды. Бұл жеткіліксіз екенін ескере отырып, әкімнің тапсырмасы бойынша жергілікті бюджеттен қосымша тағы 10 АЕК-ке төлемді ұлғайтамыз, осылайша жалақы 122,5 мың теңгені (40 АЕК) құрайды, оған біз 335,3 млн теңге бөлдік.



Алматы әкімінің орынбасары сондай-ақ, егер бұрын Жастар тәжірибесі бойынша 6 айға жұмысқа орналастыру қарастырылған болса, қазір ұйым Ережелеріне өзгерістер енгізілуіне байланысты жолдама 1 жылға дейінгі мерзімге жүзеге асырылатынын хабарлады.



Ағымдағы жылдан бастап жұмыс істейтін мүгедек адамдарға әлеуметтік жұмыс орындарын субсидиялау мөлшері 63 мыңнан 92 мың теңгеге дейін ұлғайтылады (9 АЕК-ке немесе 28 мың теңгеге, 405 млн теңге бөлінді).



Мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру Ережелері бойынша субсидия төлемі жұмыс беруші белгілеген жалақының 50% мөлшерінде көзделеді. Мүгедек адамдарды тартатын бизнеске және үкіметтік емес секторға жүктемені азайту үшін әкімнің тапсырмасы бойынша жергілікті бюджеттен жалақының 80%-ы немесе 92 мың теңге (91 890 теңге) субсидияланатын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,440 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,316 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,985 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.