ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Жастар - жасампаздық бастауы

Жастар - жасампаздық бастауы

Әлеумет 15.11.2021, 09:36 1,359
Жастар - жасампаздық бастауы
Almaty-akshamy.kz
Алматы қаласы әкімдігі Қоғамдық даму басқармасы және Алматы қалалық «Жас Отан» Жастар қанатының қолдауымен, «Волонтерлар лигасы» Қоғамдық қоры және Алматы пікірсайыс федерациясының ұйымдастыруымен...

Алматы қаласы әкімдігі Қоғамдық даму басқармасы және Алматы қалалық «Жас Отан» Жастар қанатының қолдауымен, «Волонтерлар лигасы» Қоғамдық қоры және Алматы пікірсайыс федерациясының ұйымдастыруымен қалалық «ALMATY CUP 1» АПФ форматындағы турнирі өтті.


 Шара «DEPO Evolution Park» жастар лофт-орталығында, колледж және университет студенттерінің қатысуымен «Сөз бостандығы» тақырыбында өрбіді. Аталмыш турнирдің маусымашар пікірсайысына дебат майталмандары қатысты. Төрешілер ойынға тіркелген 24 фракцияны өзара бөліп, турнир барысын түсіндіріп өтті. «Бүгінгі турнир ауқымды тақырыптарды қамтыды. Бәрімізге қуанышты жағдай – Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы жалпы дебат қозғалысының мектеп лигасынан бастап студент лигасына дейін жаңа жобалары мен бастамалары пайда болып жатқанын айтқан болатын. Сонымен қатар, осы жылы қазақ тілінде дебат методикалық нұсқаулығын жазып шығардық», – деді Алматы Пікірсайыс федерациясының президенті  Дамир Ахметбекұлы. 1- Сайыста іріктеу жасалып, фракцияларға «Бұл Палата Еуропалық Одақ ретінде Трансатлантикалық сауда және инвестициялық серіктестікке келісімін береді» атты резолюция берілді. 2-сайыста жағдаяттық қарар ұсынылды. Ойынның 3-бөлігінде «Бұл Палата Халықаралық қауымдастық ретінде Талибан үкіметіне Ауғанстан резервтерін пайдалануға рұқсат береді» деген резолюция бөлінді. 3 сайыстан соң тіркелген 24 фракцияның 8-і қалып, «Бұл Палата Лукашенко ретінде Беларусь Республикасы басшысы болғанша Ресей құрамындағы Беларусь облысының губернаторы болған тиімді деп есептейді» атты қарар бойынша пікірталас басталды. Одан соң жартылай финалға 4 команда қалып, финалда «Бұл Палата 30 жылда ең жақсы даму жолын көрсеткен посткеңестік республиканы көрсетеді» атты резолюция берілді. «Пікірсайыстарда жетістіктерге жету үшін көзқарас, мықты мінез, өз ұстанымын дәлелді түрде қорғай білуге жетелейтін ұмтылыс маңызды. Ол үшін көп кітап оқып, танымдық бағдарламаларды қарап, қарым-қатынас орната білу, аргументация дағдыларын дамыту бойынша үнемі жұмыс істеу керек», – дейді шара қатысушылары. «Үздік төреші» номинациясын Әлішбай Мұхамедәлі, «үздік ұйымдастырушы» номинациясын Жеңісханқызы Айдана иеленді. Фракциялар бойынша 4-орынға «Феникс», 3-орынға «Әділ саясат», 2-орынға «Феномен» және   1-орынға «Жастар Арланс» фракциясы шықты. Сайыс нәтижесінде барлық жүлдегерлерге алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табысталды. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,438 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,254 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,287 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,181 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.