AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жастар экологиялық кино көрді

Жастар экологиялық кино көрді

Әлеумет 11.12.2025, 16:00 692 Bakyt
Жастар экологиялық кино көрді
gov.kz

Солтүстік Қазақстан облысында Мемлекет басшысы жариялаған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Балық аулау торлары теңізі. 1-бөлім» деректі фильмінің экокөрсетілімі өтті. Іс-шараны облыстық Жастар ресурстық орталығы еріктілердің фронт-офисімен бірлесіп ұйымдастырды.

Кинокөрсетілімнің мақсаты – жастардың экологиялық сауаттылығын арттыру, су айдындарының ластануы мен антропогендік әсердің салдарына назар аударту. Фильм Каспий теңізінің экологиялық мәселелерін көтеріп, табиғатты қорғауда әр адамның жауапкершілігі маңызды екенін көрсетеді.

«Визуалды өнер мен ашық диалог арқылы табиғатқа жауапты көзқарас қалыптастыру – басты мақсатымыз. Мұндай фильмдер тек ақпарат бермей, нақты әрекетке шабыт береді», – деді СҚО еріктілер фронт-офисінің үйлестірушісі Ғаббас Алмагүл.

Көрсетілімнен кейін студенттер мен еріктілер «сұрақ–жауап» форматында қалдықтарды сұрыптау, пластикті қайта өңдеу, жергілікті эко-бастамаларға қатысу мәселелерін талқылады. Қатысушылар жеке экологиялық ізді азайту жолдары мен өңірдегі табиғатты қорғау шаралары туралы сұрақтар қойды.

Студент Динара Тайманова: «Фильмді көрген соң әрі мұңайдым, әрі шабыттандым. Ластанудың ауқымы қорқынышты. Бірақ тазалыққа шығу сияқты шағын қадамдар да біреудің өмірін сақтап қалуы мүмкін екенін түсіндім», – деді.

Ұйымдастырушылар визуалды формат жастарға экологиялық сын-қатерлерді жақсырақ түсінуге көмектесетінін атап өтті. Мұндай кездесулерден кейін еріктілер қатары артып, жастар өз эко-бастамаларын ұсынуға белсенді кіріседі.

«Біз үшін «жасыл кинотеатр» тұрақты дәстүрге айналуы маңызды. Ағарту, тарту және нақты әрекет арқылы ғана қоршаған ортаны бірге тазарта аламыз», – деп түйіндеді Ғаббас Алмагүл.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Таза Қазақстан #Экология #жастар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);