AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Жастар арасындағы IA дивизионының әлем чемпионаты...

Жастар арасындағы IA дивизионының әлем чемпионаты аяқталды

Спорт 20.12.2023, 04:32 1,108 Almaty-akshamy.kz. 
Жастар арасындағы IA дивизионының әлем чемпионаты аяқталды
Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Мажарстан астанасы Будапештте ұйымдастырылған шайбалы хоккейден жастар арасындағы IA дивизионының әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 



Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жаһандық додада бақ сынаған Қазақстан құрамасы мерзімінен бұрын біріншіліктің бас жүлдесін жеңіп алды. Жерлестеріміз бастапқы төрт ойында Мажарстан, Франция, Дания және Жапония құрамаларын тізе бүктірсе, соңғы матчта Аустрия жастарына булиттер сериясында есе жіберді.


Жарыс қорытындысында Сергей Старыгин шәкірттері 13 ұпаймен топ жарды. Франция құрамасы – екінші, даниялықтар үшінші орынға ие болды. Ұлттық құрама қақпашысы Владимир Никитин турнирдің үздік қақпашысы атанды. 


Қазақстан жастар құрамасы шайбалы хоккейден тарихи жетістікке қол жеткізді
Фото: Туризм және спорт министрлігі


Жастар құрамасының осы жеңісінен кейін Қазақстан тарихи жетістікке қол жеткізді. Яғни, 2024 жылы өтетін әлем чемпионатының топ-дивизионында бірден үш құрамамыз – жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы ұлттық құрама өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды.




«Биыл біздің шайбалы хоккейден әр жастағы ұлттық құрамаларымыз тамаша нәтижеге қол жеткізіп, тарихта алғаш рет әлем чемпионатының элиталы дивизионында ойнайтын болды. Осы нәтижелерден-ақ елімізде шайбалы хоккейдің қарқынды дамып келе жатқанын байқауға болады. Жігіттер халықаралық аренада еліміздің намысын абыроймен қорғап, Қазақстанның хоккей елі екенін дәлелдеді. Жерлестерімізді жарқын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймын!» - деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.




Еске сала кетейік, осы жылдың сәуір айында еліміздің жасөспірімдер құрамасы IA дивизионындағы әлем чемпионатында бірінші орынды иеленіп, элиталы топқа көтерілген болатын. Ол кезде де ұлттық құрамаға Сергей Старыгин жетекшілік еткен еді. Ал ересектер құрамасы топтық кезеңде үш рет жеңіске жетіп, элиталы топтағы орнын сақтап қалды және топ-дивизионда қатарынан төртінші жыл ойнағалы отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жастар #Хоккей #спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);