ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / «JasSkills Kazakhstan – 2025»: Наубайшы шеберлік с...

«JasSkills Kazakhstan – 2025»: Наубайшы шеберлік сайысын өткізді

Әлеумет 23.09.2025, 10:13 544
«JasSkills Kazakhstan – 2025»: Наубайшы шеберлік сайысын өткізді
Суреттерді түсірген - Кайрат Қоныспаев
Алматы қаласында алғаш рет еліміздің барлық өңірінен келген 9 – 10 сынып оқушылары арасында 11 мемлекеттік колледж базасында «JasSkills Kazakhstan – 2025» республикалық байқауы өтті. WorldSkills...

Алматы қаласында алғаш рет еліміздің барлық өңірінен келген 9 – 10 сынып оқушылары арасында 11 мемлекеттік колледж базасында «JasSkills Kazakhstan – 2025» республикалық байқауы өтті. WorldSkills халықаралық чемпионатының форматы мен стандарттарына сәйкес Алматы мемлекеттік бизнес колледжінде «Наубайшы шеберлігі» құзыреттілігі бойынша чемпионат ұйымдастырылды. 

10-ға жуық өңірден жиналған әрі алып шаһарға тіл үйірер ас әзірлеуге келген оқушылар – қалалық кезеңнен оза шауып, жеңімпаз атанғандар. 

–    Қазақстанның Оқу-ағарту министрлігі Алматы қаласы Білім  басқармасымен бірлесе отырып, бізге үлкен жауапкершілік артты. Конкурсқа әртүрлі мамандық бойынша 20 өңірден 90-ға жуық оқушы жиналды. «Наубайшы шеберлігі» конкурсының дәл біздің колледжде өткен себебі – WorldSkills байқауында жеңімпаз атануымызбен байланысты. Алдымызда тұрған басты міндеттердің бірі – «Жұмысшы мамандықтардың» мәртебесін көтеру. Бұрын жастар экономист, заңгер мамандықтарына көп қызығушылық танытса, қазір аспаз, графикалық дизайн, мобилография бойынша оқуға сұраныс артты. Мен бұған шын қуаныштымын! Осы орайда айта кетейін, бүгінгі сайыстан 1-орын алған оқушыға басшылық тарапынан Алматы мемлекеттік бизнес колледжінде оқу үшін грант сыйлаймыз, – деді Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің директоры Айнұр Мукажанова. 

Айта кетейік, «Наубайшы шеберлігі» құзыреттілігі бойынша «Дарен» ЖШС бас наубайшысы Дмитрий Скопцов, «Інжу» мейрамханасынан Жансұлу Әбенбай, «Аспаз» ЖШС, қоғамдық тамақтану инженер-технологы Мурад Хилаев әділқазылық етеді. 

•    Тақырыпқа орай

Батырхан ДОСЫМОВ, қатысушы:

Аспаз болғым келеді

Алматы қаласы №169 мектеп-лицейінің 9-шы оқушысымын. Болашақта да ас әзірлеу саласы бойынша жұмыс істегім келетіндіктен, сайысқа қатысып жатырмын. Байқауға үш апта дайындалдым. 

Дина Елеусінова, қатысушы:

Ұйымдастыру деңгейін жоғары бағалаймын

Астана қаласынан келдім. Мақсатым – жеңіс болса да, жеңіліс болса да қатысып, тәжірибе жинақтау әрі ас әзірлеу саласына деген қызығушылығымды сынау. Сайысқа үш күн дайындалдым. Болашақта аспаз болуды армандамасам да, қамыр илеп, түрлі десерт дайындаған ұнайды. Қазір сайыс қызу жүріп жатыр. Нан, тоқаш, тәтті бәліш секілді тағамдарды дайындау үшін барлық керекті өнімдер бар. Сондықтан ұйымдастыру деңгейін жоғары бағалаймын. 


Қарлығаш АХМЕТОВА, жетекші: 

Оқушымнан жеңіс күтемін

Қызылорда қаласының №290 орта мектебінен 9-сынып оқушысы Кәусар Бақытжан есімді оқушымды әкелдім. Қатысушылар 3 модуль бойынша бақ сынасады. Бірінші классикалық үлгіде нан пісіреді, екінші тоқаш дайындайды және тәтті бәліштер әзірлейді. Байқауға екі апта дайындалдық, оқушымнан жеңіс күтемін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,275 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.