AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Жасөспірімге алкоголь өнімін сатқандар жауапкершіл...

Жасөспірімге алкоголь өнімін сатқандар жауапкершілікке тартылды

Заң мен тəртіп 15.10.2023, 06:41 1,513
Жасөспірімге алкоголь өнімін сатқандар жауапкершілікке тартылды
Сурет видео скрині

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Polisia.kz. сілтеме жасап,


Кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыстардың алдын алу бағытында қызылордалық полицейлермен тиісті жұмыстар атқарылды. Облыс көлемінде кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыстардың алдын-алу мақсатында “Жасөспірім”, “Түнгі қаладағы балалар”, “Бала-Заң-Қауіпсіздік” атты жедел профилактикалық іс-шаралары, “Мен және менің полицейім”, “Абайлаңыз балалар” атты акциялар өткізілді.



Нәтижесінде 6251 құқық бұзушы ішкі істер органдарына жеткізілсе, оның ішінде 231-і кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жатқызылды, 53 жасөспірім қылмыс жасағандары үшін ұсталды. Сондай-ақ түнгі уақытта заңды өкілінсіз тұрғын-жайдан тыс жерде жүрген 4700 кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Рейд барысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берген 112 кәсіпкер, кәмелеттік жасқа толмағандарға және кәмелетке толмағандардың темекі бұйымдарын сату дерегі бойынша 6 тұлғаға, жасөспірімге алкоголь өнімін сатқаны үшін 9 сатушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.



Балалардың тәрбиесімен айналыспай, ата-аналық міндеттерін орындамаған 8 ата-ана сот құзырымен ата-аналық құқығынан айырылса, 6 ата-ананың ата-аналық құқығы шектелді. 5 кәмелетке толмаған облыстық девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп-интернатына және 2 жасөспірім “Абай облысының ерекше режимде ұстайтын арнайы мектеп-интернатына” орналастырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жастар #полиция #Тәртіп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);