AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жаслан Мәдиев Government AI 100 халықаралық рейтин...

Жаслан Мәдиев Government AI 100 халықаралық рейтингіне енді

Әлеумет 29.01.2026, 09:48 489 yakiya
Жаслан Мәдиев Government AI 100 халықаралық рейтингіне енді
Сурет: Primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мемлекеттік секторда жасанды интеллектіні енгізу бойынша әлемдегі үздік 100 көшбасшының қатарына кірді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Ол беделді Government AI 100 (2026) халықаралық рейтингіне AI adoption & implementation (ЖИ-ді қабылдау және енгізу) санаты бойынша енді.

Аталған рейтинг жыл сайын Apolitical халықаралық платформасымен жасақталады. Тізімге мемлекеттік басқаруда жасанды интеллектіні стратегия, реттеу және практикалық қолдану деңгейінде дамытып жүрген әлемнің жетекші тұлғалары енгізіледі.

Халықаралық сарапшылар Жаслан Мәдиевтің мемлекеттік басқару жүйесіне ЖИ шешімдерін нақты енгізіп, оларды ауқымды түрде қолдануға жол ашқан еңбегін жоғары бағалаған. Бұл жетістік Қазақстанның деректерге негізделген басқару моделіне көшуі және жасанды интеллектіні негізгі мемлекеттік процестерге жүйелі түрде интеграциялау саясатының нәтижесі ретінде аталып отыр.

Айта кетейік, 2026 жыл Қазақстанда "Цифрландыру және жасанды интеллект жылы" деп жарияланған. Осы кезеңде елде GovTech шешімдерінің архитектурасын қалыптастыру, ұлттық жасанды интеллект платформаларын дамыту және кадрлық әлеуетті күшейту бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде.

Government AI 100 рейтингі аясында Қазақстанның келесі бағыттардағы үлесі ерекше аталды:

мемлекеттік басқаруда ЖИ-ді тәжірибелік тұрғыда енгізу;

жасанды интеллектіні пайдаланудың нормативтік-құқықтық базасын қалыптастыру;

мемлекеттік қызметшілердің цифрлық және басқарушылық құзыреттерін дамыту;

ЖИ-ді этикалық, қауіпсіз және жауапты қолдану қағидаттарын орнықтыру.

Тәуелсіз сарапшылар бағалауына негізделген бұл рейтингке қазақстандық өкілдің енуі еліміздің жаһандық жасанды интеллект және цифрлық басқару саласындағы рөлінің артып келе жатқанын көрсетеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жаслан Мәдиев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);