ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Жасанды интеллект жүректі зерттейді

Жасанды интеллект жүректі зерттейді

Медицина 20.12.2023, 08:44 1,293
Жасанды интеллект жүректі зерттейді
almaty-akshamy.kz
Алматылық кардиологтар жасанды интеллект көмегімен жүректің ультрадыбыстық зерттеуін жүргізуді меңгерді

Алматылық кардиологтар жасанды интеллект көмегімен жүректің ультрадыбыстық зерттеуін жүргізуді меңгерді


Алматы Қалалық кардиология орталығында озық диагностика және емдеу әдістерінің негіздері шеңберінде «POCUS тұжырымдамасы: клиникалық тәжірибеде қолдану және мобильді ультрадыбыстық диагностикада жасанды интеллекті қолданудың артықшылығы» тақырыбында шеберлік сыныбы өтті.


Іс-шараға арнайы шақырылған шетелдік дәрігер Hatem Soliman Aboumarie (Royal Brompton and Harefield Hospitals, London, UK) қатысты.


Жыл өткен сайын жасанды интеллект өмірдің әр түрлі саласының ажырамас бөлігіне айналып келеді. Медицина саласы да шетте қалған жоқ.


POCUS (Point-of-Care Ultrasound) тұжырымдамасы дәрігерлер науқасты тексеру кезінде-ақ, қосымша ультрадыбыстық диагностикалық процедураға жолдамасыз, өздері ультрадыбыстық зерттеу жүргізетін тәсілді білдіреді. Мұндай тәсіл емделушінің жағдайын ыңғайлы және жылдам бағалауға мүмкіндік береді. Демек диагностика уақыты қысқартылып, дереу емдеуді бастау мүмкін болады.



"Бұл тұжырымдаманы клиникалық тәжірибеде қолдану бірқатар айқын артықшылыққа ие. Біріншіден, ол жоғары сапалы диагностиканың қолжетімділігін жақсартады әрі медициналық қате ықтималдығын азайтады. Дәрігерлер палатада, жедел жәрдемде не шұғыл көмек көрсету бөлімдерінде науқасқа ультрадыбыстық зерттеуді бірден тез әрі тиімді түрде жүргізіп, науқас өмірін сақтап қала алады", - дейді Қалалық кардиологиялық орталық директоры Роза Қуанышбекова.



Сонымен қатар, мобильді ультрадыбыстық диагностикада жасанды интеллекті пайдаланудың артықшылығы ультрадыбыстық зерттеу арқылы жиналған үлкен көлемдегі деректі өңдеу және талдау контекстінде айқын болады. Машиналық оқыту және жасанды интеллект алгоритмдері алынған кескіндерді талдауды автоматтандыру, нәтижелерді интерпретациялау процесін жеңілдету және диагностикалық дәлдікті арттыруға мүмкіндік береді. 
Жасанды интеллекті пайдалану ультрадыбыстық диагностиканы әр түрлі мобильді құрылғылар мен қосымшаларға біріктіруді жеңілдетеді.



«Яғни, диагностикалық және емдеу процесіне қатысушылар - басқа мамандық дәрігерлері, мәселен, емдеуші дәрігер, не медбикелер - ультрадыбыстық зерттеуді пайдалана алады және жүргізе алады. Мұндай сезбектер құрылғының шағын өлшемі мен салмағына байланысты төтенше жағдай медицинасында кеңінен қолданылады. Визуалды ақпаратты смартфонға сымсыз тасымалдауды пайдалану, стандартты ультрадыбыстық аппаратқа қарағанда төмен құны оларды төтенше жағдайда, соның ішінде табиғи және техногендік апат кезінде пайдалануды жеңілдетеді. Өз кезегінде біз жақын арада бұл тәжірибені біздің Орталықта енгізуді жоспарлап отырмыз», - дейді Роза Қуанышбекова.




Осылайша, POCUS тұжырымдамасы мобильді ультрадыбыстық диагностикада жасанды интеллекті қолданумен бірге науқастың жағдайын тез, дәл және қолжетімді диагностикалауға мүмкіндік береді, бұл сайып келгенде емдеу нәтижесін жақсартуға және медициналық көмек алу уақытын қысқартуға септігін тигізеді.
Жасанды интеллектің арқасында ауруды дәлірек анықтауға, оның кезеңі мен дамуын білуге ​​болады.


Шара барысында портативті ультрадыбыстық диагностикалық жүйені қолдану арқылы әр түрлі жүрек патологиясы бар науқастар бойынша дәріс оқылып, зерттеулер жүргізілді.


Шеберлік сабағы қатысушылардың кәсіби білімін толықтырып қана қоймай, қаланың медицина саласының дамуына зор үлес қосты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.