ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Жасанды интеллект баланың талантын ашуға көмектесе...

Жасанды интеллект баланың талантын ашуға көмектеседі

Білім және ғылым 20.06.2024, 16:25 702
Жасанды интеллект баланың талантын ашуға көмектеседі
ortcom.kz
Оқу-ағарту министрлігі мен Freedom Holding Corp. білім беру ресурстарын дамыту бойынша ынтымақтастық қарым-қатынас орнату мақсатында меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз...

Оқу-ағарту министрлігі мен Freedom Holding Corp. білім беру ресурстарын дамыту бойынша ынтымақтастық қарым-қатынас орнату мақсатында меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Бұл құжат Мемлекет басшысының мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының қажетті функционалдары енгізілген бірыңғай онлайн білім беру платформасын әзірлеу туралы тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда.

Оқу-ағарту вице-министрі Арай Оразова атап өткендей, қазіргі уақытта білім берудің барлық деңгейінде процестерді автоматтандыруға мүмкіндік беретін бірыңғай цифрлық экожүйе құру қажеттілігі байқалады. Бұл мақсатқа жету үшін министрлік Freedom Holding Corp.-тің қолдауымен білім беру өнімдерінің маркетплейсін әзірлеу жұмыстарын жүргізуде. Мұнда жасанды интеллект құралдары арқылы әрбір баланың талантын ашуға арналған мүмкіндіктер ұсынылады. Бұл балаларға ерте жастан бастап өз таланттарын дамытып, мамандық таңдауға көмектеседі, еліміздің адами капиталын дамытуға және мұғалім, бала мен ата-ана арасындағы коммуникацияны жақсартуға мүмкіндік береді.

Тараптар ұлттық бірыңғай білім беру платформасы арқылы әрбір білім алушы үшін онлайн оқуды қолжетімді және сапалы етудің маңыздылығын талқылады. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында платформаны ілгерілету мен дамыту, бірлескен жобаларды жүзеге асыру, стейкхолдерлермен семинарлар мен конференциялар өткізу туралы келісімге келді.

Бұл ынтымақтастық білім беру саласындағы процестерді цифрландыру арқылы оқушылардың білім алу сапасын арттыруға, олардың таланттарын ерте жастан дамытуға және білім беру ұйымдарының жұмысын тиімді етуге бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,432 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.