Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / «Жас ұлан» – болашақ әскери мамандар мектебі

«Жас ұлан» – болашақ әскери мамандар мектебі

Әлеумет 28.05.2023, 05:30 1,664
«Жас ұлан» – болашақ әскери мамандар мектебі
Сурет: Министрлік

Дәстүр бойынша мектеп оқушылары алаңда салтанатты маршпен жүріп өтті


Алматыда «Жас ұлан» республикалық мектебінің қырық жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Оған мектеп түлектері – Қорғаныс министрінің орынбасары Әскер Бейсенов, Аумақтық қорғаныс департаментінің бастығы, генерал-майор Серік Борамбаев, Қорғаныс министрлігі аппараты басшысының орынбасары, полковник Төлеген Бөлежанов қатысты. 


Шақырылған қонақтардың қатарында Қарулы Күштердің ардагері Халық қаһарманы, отставкадағы генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев, Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиев, Бауыржан Момышұлының келіні этнограф, жазушы Зейнеп Ахметова да болды.



– Бұл мектептің тәрбиеленушілері мемлекетке қызмет етудің озық дәстүрін және өз Отанына адал болудың үлгісін көрсетіп келеді. Олар әрқашан шыдамдылықпен, төзімділікпен, моральдық және психологиялық беріктікпен, кез келген қиындықты жеңе білумен ерекшеленеді. Бұл оқу орнында мемлекетіміздің жауынгерлік дайындығының іргетасы қалануда, – деп атап өтті Бақытжан Ертаев.



Дәстүр бойынша мектеп оқушылары алаңда салтанатты маршпен жүріп өтті. Аты аңызға айналған қолбасшы Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Салтанатты рәсімге қатысушылар әскери қақтығыстарда қаза тапқан мектеп түлектері: подполковниктер Ерлан Науановты, Қайрат Мұхамадиевті және капитан Қайрат Құдабаевты бір минут үнсіздікпен еске алды.


Шара аясында мерекелік концерт өтті. Салтанатты жиын вальспен аяқталды.



"Жасұландықтармен" сәнді кеш көйлектері тал бойына жарасқан Республикалық жоғары медициналық колледждің, Алматы облыстық инновациялық технологиялар колледжінің, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының бойжеткендері жұптасып биледі. 


Мерейтойға орай полковник Нұрлыхан Ерекешовтың қазақ тілінде "Жас ұлан мектебіне 40 жыл" кітабы жарыққа шыққанын атап өту маңызды. Басылым оқу орнын құрудың бастауында тұрғандардың, сондай-ақ оның түлектерінің естеліктеріне арналған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жас Ұлан #әскер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Үлкен Алматы көліне апаратын жүргінші соқпағы 2026 жылы салынады

Бүгін 16:42

Алматыда жаңа перзентхана мен амбулатория құрылысына 3,6 млрд теңге бөлінеді

Бүгін 16:37

Алматыда тоғыз білім беру нысанының құрылысы аяқталып қалды

Бүгін 16:33

2026 жылы Алматының нақтыланған бюджеті 2,8 трлн теңге болды

Бүгін 16:28

Алматыда "Almaty Business – 2030" кәсіпкерлікті дамытудың жаңа бағдарламасы ұсынылды

Бүгін 16:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.