AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Жас спортшылар радикалды идеологиядан қалай қорғал...

Жас спортшылар радикалды идеологиядан қалай қорғалады?

Барлығы 08.07.2025, 09:17 689 dulatbekova
Жас спортшылар радикалды идеологиядан қалай қорғалады?
Сурет: Gov.kz

Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл бойынша ақпараттандыру мақсатында спортшыларға арналған профилактикалық іс-шара ұйымдастырды.

Алматыда өткен кездесуде негізгі назар құқықтық сауаттылықты арттыру мен сыни ойлауды дамытуға аударылды. Бұл – жастарды деструктивті идеологиялардан қорғаудың маңызды тетіктері. Іс-шараға қаланың спортшылары мен жаттықтырушылары қатысты.

Басты баяндамашы ретінде Орталық бөлімінің басшысы Уәли Қайсар Ержанұлы сөз сөйледі. Ол радикалды идеологиялардың белгілері туралы жан-жақты түсіндіріп, экстремистік ұйымдардың жастар санасына әсер ету үшін қолданатын манипуляциялық әдістерін атап өтті және оларды дер кезінде тану жолдарымен бөлісті.

Сонымен қатар, күмәнді тұлғалардан немесе реттелмеген онлайн көздерден білім алу қауіптері де талқыланды. Бұл – әсіресе әлеуметтік желілер мен интернет-платформалар арқылы жиі таралатын қазіргі заманның өзекті мәселесі.

Іс-шара қорытындысында қатысушылар мұндай бастамалардың маңыздылығын атап өтті. Алынған ақпарат жастардың радикалды идеологияға қарсы иммунитетін қалыптастыруға және жеке әрі қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға ықпал ететініне сенім білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жас спортшылар #радикалды идеология #қорғау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);