ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Жас сарбаздар әскери ант қабылдады

Жас сарбаздар әскери ант қабылдады

Әлеумет 02.02.2026, 14:01 152
Жас сарбаздар әскери ант қабылдады
сурет: автордан
Алматы қаласында орналасқан, 80 жылдық тарихы бар 7552 әскери бөлімінде жас сарбаздардың әскери ант қабылдау салтанатты рәсімі өтті.

Алматы қаласында орналасқан, 80 жылдық тарихы бар 7552 әскери бөлімінде жас сарбаздардың әскери ант қабылдау салтанатты рәсімі өтті.

Салтанатты шараға Қазақстан еспубликасы Ұлттық ұланының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының өкілдері, әскери бөлім ардагерлері, Алматы қаласындағы №156 жалпы білім беру мектебі мен №210 мектеп-лицейінің «Жас сарбаз» сыныптарының тәрбиеленушілері, сондай-ақ сарбаздардың ата-аналары мен жақын туыстары қатысты.

Әскери ант қабылдау рәсімінің алдында «Жас сарбаз» сыныбының оқушылары жетекшілері – запастағы полковниктер Ниязтай Әлкешев пен Елдос Шалабаевтармен бірге әскери бөлім аумағымен танысты. Олар сарбаздардың жатын үй-жайын аралап, тұрмыс-тіршілігімен танысып, асхананы көріп, әскери тағамнан дәм татты. Жас өрендердің әскери бөлімге жасаған бұл сапары олардың жадында ұзақ сақталары сөзсіз. Бұл – іс-шараның әскери-патриоттық бағыттағы маңызды мақсаттарының бірі.

Саптық алаңдағы салтанатты рәсім Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен ашылып, еліміздің көк байрағы салтанатты түрде көтерілді. Мемлекеттік Туды көтеру құрметі оқу пунктінің үздік сарбазы, қатардағы Дәурен Сүлейменовке берілді.

Салтанатты жиында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары полковник Мақсат Кенжебеков жас сарбаздарды өмірлеріндегі маңызды кезеңмен құттықтап, алдағы әскери қызметтеріне табыс тіледі:

-Бүгін сіздер Отан алдындағы қасиетті борышты адал атқаруға серт беріп отырсыздар. Әскери ант – бұл үлкен жауапкершілік пен жоғары сенімнің белгісі. Сіздерге тәртіпке берік болып, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында адал еңбек етулеріңізге тілектеспін, – деді ол.

Сонымен қатар мінберге сарбаздың анасы Рабиға Аманәліқызы көтеріліп, жас жауынгерлерге жүрекжарды тілегін арнады:

- Бүгін ұлдарымыздың ел қорғау жолына нық қадам басқанын көріп, ата-ана ретінде ерекше мақтаныш сезімін сезініп отырмыз. Барша сарбаздарға амандық, төзімділік пен табандылық тілеймін. Ел сенімін ақтап, абыроймен қызмет атқарады деп сенеміз, – деді ол.

Осылайша, жас жауынгер курсынан өтіп, әскери ант қабылдаған сарбаздар алдағы бір жыл бойы құқық қорғау әскерінің қатарында қызмет атқаратын болады. 

Айта кетейік, осы күні «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылықтың Шымкент қаласындағы 6698, Жетісу облысындағы 5514 және Алматы облысындағы 3660 әскери бөлімдерінде де әскери ант қабылдау рәсімі өтіп, жалпы саны 600-ге жуық жас сарбаз Отан алдындағы қасиетті борышына адал болуға ант берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.