Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Жас сарбаздар аға буынмен жүздесті

Жас сарбаздар аға буынмен жүздесті

Әлеумет 30.08.2024, 10:02 1,320
Жас сарбаздар аға буынмен жүздесті
aqshamnews.kz

Алматыда Конституция күніне орай Ұлттық ұланның Б.Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінің сарбаздары «Конституция – мәңгілік елдің тұғыры» тақырыбында өткен «дөңгелек үстел» басында айтары бар аға буынмен жүздесті. 

А.Чехов атындағы Орталық қалалық кітапхананың белді кітапханашысы Айнұр Балаубаева ұйымдастырған салиқалы кешке Алматы қалалық сотының отставкадағы судьясы Советхан Сәкенұлы, Қазақстан Қарулы Күштерінің ардагері, полковник Мұхамеджан Әбдібек және ақын, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Ержан Жұмабек келді. 
Меймандар жастарға Ата заң туралы, ондағы әр адамның құқығына кепіл бола алатын баптары туралы әңгімелеп берді.

– Құрметті жастар, өздеріңіз білесіздер, мәселен, үй тұрғызатын болсақ, оның алдымен іргетасын қалап аламыз. Іргесі мықты қаланған үй ешқашан құламайды, мызғымайды. Сол секілді, осы отырған кез-келгенімізге, жерімізге, елімізге қорған болуға тиіс Конституциямыз да мығым болуы керек. Мынау Америка, Германияда конституцияларына жиі өзгеріс енгізе бермейді. Олар оған өте мұқият, асқан жауапкершілікпен қарайды. Ал бізде, жасыратыны жоқ, бірнеше мәрте өзгертілді. Оған себеп те жоқ емес. Алғашқы Ата заңдарымыз ескі әкімшіл-әміршіл ережелерге сүйенгендіктен, қоғамның талап-тілегіне жауап бере алмады. Ал соңғы қабылданған Конституциямыз республикалық референдум және еркін сайлау арқылы тікелей халықтың қатысуымен қабылданды. Міне, билік халықпен санасқанда ғана бақуатты ел боламыз. Ал Қазақстанды әлем көгіне көтеретін білімді ұрпақ. Айналайындар, көп оқыңдар, тоқыңдар, ілім-біліммен сусындаңдар, біз сендерге сенеміз, – деді Алматы қалалық сотының отставкадағы судьясы Советхан Сәкенұлы.

Кеште сөз алған Қазақстан Қарулы Күштерінің ардагері, полковник Мұхамеджан Әбдібек те жастарды Ата заңды құрметтеуге шақырды.

– «Тәртіпке бағынған құл болмайды». Лауазымды қызметкер болсын, қарапайым еңбек адамы болсын, бәріміз заң алдында тең болуымыз керек. Ал Ата заңымызда көзделген баптардың бәрі қоғамның, адамзаттың, мемлекеттің пайдасына қызмет етуге тиіс. Заңдық тұрғыда мығым, әділетті, құқықтық мемлекет құру – өз қолымызда», – деді М.Әбдібек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Конституция #Ұлттық ұлан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.