Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтары жылдың бас...

«Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтары жылдың басты сайысына дайындалуда

Әлеумет 22.05.2023, 13:00 1,178
«Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтары жылдың басты сайысына дайындалуда
Сурет: Министрлік

Әскери-далалық тактикалық ойындар


Өңірлерде «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысу үшін іріктеу турлары өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


 Жасөспірімдер мен оқушылар 17-23 маусым аралығында Қарағанды облысының «Спасск» оқу-жаттығу орталығында жыл сайын өтетін әскери-патриоттық жиында өз клубтарының намысын қорғау үшін сыналады.


Әскери-спорттық және әскери-қолданбалы спорт түрлерінің жарыстарына дене шынықтыру жаттығулары, әскерилендірілген эстафета, АК-74-ті толық емес бөлшектеу және құрастыру, пневматикалық мылтықтан ату, газтұмылдырық пен жалпы әскери қорғаныс жиынтығын кию нормативтерін орындау кіреді.


Жиын барысында «Айбын дарыны» зияткерлік және «Күшіміз бірлікте» әскери-далалық тактикалық ойындары, сондай-ақ «Айбын жұлдызы» шығармашылық және «Smart Sarbaz – 2023» өнертапқыштар байқаулары өтпек.


Қазіргі кезде жиынға жиырма өңірден келген әскери-патриоттық клубтар, оның ішінде армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы ҚР Қорғаныс министрлігі әскери колледжінің, Шымкент пен Қарағандыдан келген «Жас ұлан» республикалық мектептерінің, Семей мен Павлодардан келген облыстық әскери мектеп-интернаттардың, Қарулы Күштердің, басқа әскерлер мен әскери құралымдардың әскери бөлімдері мен мекемелері жанынан құрылған әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері қатысуға дайындық жүргізіп жатыр. Әзірбайжан мен Өзбекстан командалары да қатысады деп күтілуде.


«Айбын» жастар жиыны Қазақстан әскерінің имиджін арттыруға, әскери-қолданбалы және техникалық спорт түрлерін танымал етуге, әскери қызмет өткеру кезінде қажетті дағдыларды қазірден қалыптастыруға ықпал етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жас сарбаз #оқу #жаттығу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Президенті АҚШ-қа жұмыс сапарымен барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44

Алматыда Халықаралық журналистика бойынша қысқы мектеп өтіп жатыр

Бүгін 11:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.