AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Жас бітімгер» балалар әскери-патриоттық лагері ба...

«Жас бітімгер» балалар әскери-патриоттық лагері басталды

Әлеумет 01.08.2023, 10:37 1,071
«Жас бітімгер» балалар әскери-патриоттық лагері басталды
Сурет: Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрлігі өткізетін әскери-патриоттық жұмыс шеңберінде Бітімгерлік операциялар орталығының әскери қызметшілері мен азаматтық персоналының балалары үшін бір апталық демалыс балалар лагерінде ұйымдастырылды.


Бірінші күні балалар Бітімгерлік операциялар орталығының әскери қызметшілері дайындаған қызыққы толы бағдарламасыны тамашалауға «Бітімгер» оқу-жаттығу орталығына барды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Балаларға әскери техника мен қару-жарақ үлгілері, сондай-ақ байланыс құралдары көрсетілді. Кейін жасөспірімдер жаттығу гранаталарын лақтыру, атыс қаруын бөлшектеу және құрастыру бойынша армия нормативтерін орындау кезінде жылдамдықпен, күшпен және шеберлікпен бәсекеге өзара түсті. Соңында балаларға пневматикалық мылтықтардан ату мүмкіндігі берілді.



Оңтүстік күнінің ыстығына қарамастан, болашақ ел қорғаушылары жауынгерлік дайындық бағдарламасында қарастырылған барлық жаттығуларды үлкен құлшыныспен және мұқият орындады.



– Керемет өтті! Енді біз іс жүзінде әскери қызметші болудың оңай емес екенін білеміз, – дейді Бітімгерлік операциялар орталығының әскери қызметшісінің ұлы Ілияс Тәжібаев. – Әкемнің жұмысы қиын, жауапты және өте қызықты екенін ұқтым!



Белсенді сайыстан кейін бітімгерлер балаларды нағыз сарбаз ботқасының дәмін татқызып көрді.



– Бұл балаларымызға әкелерінің не істеп жатқанын білуге және көруге тамаша мүмкіндік болды, – дейді ата-аналардың бірі Айжамал Базар. – Бітімгерлік операциялар орталығынға барған балаларымыз тамаша әсер алды, сіздерге ризамыз.



Келесі күндері балаларды мәдени-демалыс, спорттық іс-шаралар мен жорықтарды қамтитын қызықты бағдарлама күтіп тұр. Балалар дельфинарийге, хайуанаттар бағына, «Медеу» мұз айдынына барады, аспалы жолмен жүреді. Сондай-ақ, Қорғаныс министрлігі Ұлттық әскери-патриоттық орталығының музейіне және «Даңқ мемориалы» кешеніне экскурсиялар жоспарланған.


Одан бөлек Тау дайындығы орталығына бару да жоспарда бар, мұнда тәжірибелі нұсқаушылар балаларға тау жағдайында өмір сүру ерекшеліктерін айтып, көрсетіп, оларға өздерін нағыз әскери альпинистер сияқты сезінуге мүмкіндік береді.



– Бітімгерлік операциялар орталығы әскери қызметшілерінің балалары үшін алдағы апта  ұмытылмас болып қана қоймай, физикалық тұрғыдан шынығып, шымыр болуға, пайдалы білім, практикалық дағдылар алуға және  әрине, жаңа достар табуға мүмкіндік беретініне сенімдімін, – деп аяқтады сөзін Орталықтың аға офицері Әнуар Арынғазиев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жас бітімгер #лагерь #балалар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);