«Республикалық дүнген этномәдени орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігі Жастар қозғалысы төрағасының орынбасары Адам Тетянкуев Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасын қолдап, азаматтарды референдумға міндетті түрде қатысып, осы құжатқа дауыс беруге шақырды. Оның айтуынша, қазіргі сын-қатердіескере отырып жазылған жаңа Конституция қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған.
Адам Тетянкуевтің атап өтуінше, жаңа Конституция жобасы еліміздің құқықтық институттарды нығайтып, әділетті қоғам құруға деген ұмтылысын көрсетеді. Ол Негізгі заңды жаңарту мемлекет пен қоғамда болып жатқан өзгерістерді ескеруге мүмкіндік беретінін, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейте түсетінін айтады.
«Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасы еліміздің әділетті әрі құқықтық қоғам құруға деген ұмтылысын көрсетеді. Негізгі заңды жаңарту сын-қатерлерді ескеруге, азаматтардың құқықтарын нығайтып, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді», — деді жас белсенді.
Оның пікірінше, жаңа Конституцияны қолдау — елдің ұзақ мерзімді және орнықты дамуынажасалған маңызды қадам. Ол бұл құжат мемлекетпен қоғам арасындағы тепе-теңдікті қамтамасызетіп, азаматтардың тегі мен әлеуметтік мәртебесінеқарамастан тең құқыққа ие болуына сеп болады деді.
«Жобаны қолдау — Қазақстанның болашағынасалынған инвестиция. Бұл — жауапкершілік пен заңдылық дамудың негізіне айналатын, мемлекетпен қоғам тепе-теңдікте болатын болашақ», — депқосты Адам Тетянкуев.
Сөз соңында ол қазақстандықтарды азаматтықұстаным танытып, референдумға келіп, жаңаКонституцияның жобасын қолдауға шақырды. Әразаматтың оған қатысқаны ел болашағы үшінмаңызды екенін атап өтті.