AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Жарыста нәтижеге жетпеген жаттықтырушыларға санкци...

Жарыста нәтижеге жетпеген жаттықтырушыларға санкция салынады

Спорт 13.10.2022, 06:40 1,865
Жарыста нәтижеге жетпеген жаттықтырушыларға санкция салынады
Сурет: Otyrar.kz

Спортшылар нашар өнер көрсеткен жағдайда сұрауы болады.


Қол астындағы спортшылар жүлделі орын иеленіп, медаль алмаса, ұлттық құрама жаттықтырушылары жалақысының жартысын кері қайтарады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz сілтеме жасап.


Бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті спорттық қызмет туралы шарттарда көзделген нәтижеге қол жеткізбегені үшін ұлттық құраманың жаттықтырушыларына санкция салынатынын жариялады. Енді спортшылар нашар өнер көрсеткен жағдайда сұрауы болады.


Комитеттің ақпараты бойынша, 2021 жылғы желтоқсанда есеп комитеті Токиода өтетін 2020 Олимпиада ойындарына дайындыққа бөлінген қаражатты пайдалану бойынша аудит жүргізген.


Мемлекеттік аудит барысында жаттықтырушыларға қатысты санкция салынбағандықтан, спорттық қызмет туралы шарттарда көзделген нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізбегені үшін оларға қатысты ешқандай шара қолданылмағаны белгілі болды.


Сондықтан Ұлттық Олимпиада комитетіне спорттық қызмет туралы шарттарда көзделген нәтижеге қол жеткізбегені үшін жаттықтырушыларға қатысты санкциялар салу тапсырылды.


Есеп комитетінің тапсырмасына сәйкес, "Спортты дамыту дирекциясы" РКП жаттықтырушылармен (бас), спортшылармен жасалатын спорттық қызмет туралы үлгілік шарттар бекітілді. Бас жаттықтырушылармен бекітілген шарттың талабында тиісті  көрсеткіш орындалмаса немесе тиісті деңгейде болмаса төленетін соманың 50%-дан аспайтын бөлігі беріледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Cпорт #тренер #жаттықтырушы #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);