конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жарықтандыру – жауапты іс

Жарықтандыру – жауапты іс

Әлеумет 03.04.2025, 16:59 1,018
Жарықтандыру – жауапты іс
Суреттерді түсірген - Қ.Қоныспаев

Алматыда болашақ мамандарға арналған воркшоп өтті

 

Алматы қаласындағы «Архитектура, дизайн және инженерия» колледжінде JapJaryk компаниясының ұйымдастыруымен «Свет под контролем» деп аталатын воркшоп өтті. Бұл іс-шара студенттерге электр қалқандары мен жарықтандыру жүйелерін құрастыру бойынша практикалық дағдыларды үйретуге бағытталды. Колледж шаңырағында өткен шараға студенттер, оқытушылар, және сала мамандары қатысты.

Воркшопта JapJaryk компаниясының мамандары заманауи жарықтандыру және электротехника саласындағы инновациялық шешімдерді таныстырып, студенттерге тәжірибелік сабақтар өткізді. Өз кезегінде студенттер электр сызбаларын оқу, монтаждық және принципиалды схемаларды талдау, кабельдік трассаларды жүргізу және таратушы электр қалқандарын орнату бойынша дағдыларды меңгерді. Сонымен қатар, жарықтандыру жүйелерін орнату, баптау, ақауларды анықтау және жою бойынша да қажетті тәжірибе алынды.

Іс-шара барысында Алматы қаласының «Архитектура, дизайн және инженерия» колледжінің директоры Камал Жаманғозов колледждің техникалық білім беру саласындағы маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, колледж дуалды оқыту жүйесін енгізу арқылы студенттерге теориямен қатар практикалық дағдыларды үйретуді қамтамасыз етеді.

«Біз қазіргі заманғы еңбек нарығына қажетті білікті мамандарды даярлаймыз. Мемлекет басшысының 2025 жылды Жұмысшы кәсіптері жылы деп жариялауы – осы салаға деген сұраныстың артқанын білдіреді. Біз бұл бастаманы қолдаймыз және жүзеге асыруға дайынбыз», – деді колледж директоры.

Бұл воркшоп Алматыдағы техникалық білім мен өндірістің байланысын нығайтуға бағытталған. Қатысушылар теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, болашақта нарықта сұранысқа ие маман болуға үлкен қадам жасайды. Жұмысшы мамандықтарының беделін көтеру үшін мұндай бастамалар алдағы уақытта да жалғасады дейді ұйымдастырушылар.

 

 

·                   Тақырыпқа орай

 

Нұрғали МУСИРМАНКУЛОВ,  JapJaryk компаниясының жетекшісі:  

Білім сапасын көтеруді көздедік

Қазақстанда электромонтаж саласына бағытталған кешенді оқу орны жоқ. Сондықтан біз осы саланы дамыту үшін жаңа оқыту жүйесін қалыптастырып, колледжбен бірлесіп арнайы кабинет аштық. Студенттерге теорияны визуалды түрде көру және тәжірибеде орындау мүмкіндігін беру арқылы біз олардың шынайы құрылыс нысандарында тәжірибе алуы үшін жағдай жасадық. 

Әлихан ӘБДІҚАЛЫҚ, Электромонтаж факультетінің 1-курс студенті:

Білікті маман болуға үлкен мүмкіндік береді

 

Мен бала кезімнен Никола Тесла сияқты данышпандардың өмірі мен еңбектеріне қызығып өстім. Бұл салаға деген құштарлығым мені электр энергетикасы мамандығын таңдауға жетеледі. Мектепті бітіргеннен кейін осы мамандыққа деген қызығушылығым тек арта түсті және мен ата-анамның қолдауымен осы жолды таңдап, білім алуға қадам бастым. Колледждегі оқытушыларымыз осы мамандықтың тереңдігін түсіндіріп, менің қызығушылығымды арттырып келеді. Олардың сабырлы әрі түсінікті тәсілі мені осы салада жетістікке жетуге деген сенімімді нығайтады.

 


Телеграм арнаға жазылыңыз
#жұмысшы #маман #Студент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Канье Уэсттің концерті кезінде Алматының Орталық стадион аумағында Tele2/Altel уақытша шектеледі

Бүгін 19:39

15 тамызда Алматыда өтетін YE концерті: жол қозғалысы қалай шектеледі және қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

Бүгін 18:00

Алматыда өткен кәсіпкерлер форумында «Әділет» партиясы отандық бизнесті дамыту бағдарламасын таныстырды

Бүгін 17:45

Алматыда алманың жаңа сұрпына «Әділет» атауы беріледі

Бүгін 17:32

«Әділет» республикалық сайлауалды штабы Алматының зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Бүгін 17:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);