ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлем / Жарық фестивалі өтіп жатыр

Жарық фестивалі өтіп жатыр

Әлем 11.10.2023, 12:18 915
Жарық фестивалі өтіп жатыр
Сурет: pixabay.com/adege
Берлиннің басты тарихи орындары мен сәулет нысандары көздің жауын алатындай әсем күйге енді.

Берлиннің басты тарихи орындары мен сәулет нысандары көздің жауын алатындай әсем күйге енді.


Өйткені қазір шаһарда дәстүрлі жарық фестивалі өтіп жатыр. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған шеберлер қаладағы қамалдар мен үкімет үйлерінің қасбетін шаммен безендіріп, 3 Д картиналармен көмкерген, - деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz 24.kz арнасына сілтеме жасап.


Бұл күндері Берлин адам танымастай өзгерді. Әдетте сұрғылт болып тұратын ғимараттардың қабырғасы жарқырап, жайнап шыға келген. Шарлоттенбург қамалы, Берлин мұнарасы сынды көрнекі орындардың бәрінен 3Д картиналарын көруге болады.



"Маған Гумбольдт университетінің жанындағы инсталляция қатты ұнады. Бұдан басқа дизайнерлер бүкіл алаңды безендіріп тастаған. Қай жерге қарасаң да жарқырап тұр. Жалпы бұл фестивальді жылда арнайы келіп көремін. Туристер саны да көбейіп келеді", - дейді жергілікті тұрғын Кристофер.



Бранденбург қақпасының маңында да ерекше мүсіндер пайда болды. Онда француз, болгар, жапон және украиналық шеберлердің туындылары қойылған.



"Берлинде жарық фестивалін өткізу - ғаламат идея. Біз қаланың 4 көрнекі орнындағы шоуларға көзайым болдық. Әсіресе Бранденбург қақпасындағы мүсіндер қатты ұнады. Керемет. Бұйырса, келесі жылы да келмекпіз", - дейді ол.



Жалпы шаһарда 42 жерде 85 шоу өтіп жатыр. "Жарық фестивалі адамдарға керемет көңіл күй сыйлап қана қоймай, энергияны үнемдеуге де көмектеседі", - дейді ұйымдастырушылар. Өйткені мұнда тек диодті шамдар ғана қолданылады. Тартымды іс-шара 10 күнге созылмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,279 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.