AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жарқын күз»: алматылықтар өздері мен қала үшін уақ...

Жарқын күз»: алматылықтар өздері мен қала үшін уақытын пайдалы өткізуде

Әлеумет 22.10.2024, 18:28 1,171 yakiya
Жарқын күз»: алматылықтар өздері мен қала үшін уақытын пайдалы өткізуде
Алматы әкімдігі

Бұл шара 24 қазанға дейін жалғасады.

Алматыда экобелсенділер тауда және термалды бұлақта тазалық жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Алматыда «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық бастамасы мен республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Жарқын күз» акциясы өтіп жатыр.

Бұл жолы Аюсай шатқалында Алматы қаласының туризм басқармасы мен Almaty TourismBureau ұйымдастырған табиғи нысандар мен визит-орталықтың аумағын тазалау шарасы өтті. Қатысушылар өзен жағалары мен жол бойындағы алаңқайларды пластикалық бөтелкелер мен қоқыстардан тазартты. Соның нәтижесінде демалушылардан қалған 300 келіге жуық қоқыс жиналды.

«Бұл жай ғана тазалау емес, болашаққа жасалған қадам. Табиғатқа зиян келтіріп, бей-жайқарауға болмайды. Бүгінгі іс-шара әрқайсымыздың қоршаған орта мен қаламыздың бірегей табиғатын қорғауға үлес қоса алатынымызды көрсетті», – деді Qazaq National Parks компаниясының өкілі ТілекӘділжанов.

«Таза Қазақстан» бағдарламасының күзгіциклы – «Жарқын күз» науқанын алматылық белсенділер де қолдап, Алмаарасан ыстық бұлағында кезекті сенбілік өткізді.

Бұл топтың құрамындағы салауатты өмірсалтын ұстанушылар әр демалыс сайын тауғашығып, табиғаттың бастапқы келбетін қалпынакелтіруге тырысады. Қолдарында қолғап, қоқысқаарналған қапшықтар мен шынайы ниетпен іске кіріскен белсенділер туристер қалдырған пластик және басқа да экожүйеге қауіп төндіретінқоқыстарды жинайды.

Белсенділердің бірі Тимур Хасенов топтыңбастапқыда 2023 жылы наурызда құрылған 35 адамнан тұратынын айтты.

"Біз тауға денсаулықты нығайтып, өзенде шомылуға келетінбіз. Бірақ демалушылардан қалған қоқыс көп екенін көрдік. Бұл әдетке айналды, әр сенбі, жексенбі сайын осында тазалықжүргізе бастадық. Кейін топ үлкейді. Қазір бізмұны екі жылға жуық жалғастырып келеміз – аптасына 3-4 рет топқа бөлініп, қоқыс жинаймыз. Алғашында бір пакеттен жинайтынбыз, қазір әрсеруен сайын 6-7 қапқа дейін жинаймыз. Орташаалғанда, әр жолы 75-80 келі қоқыс жинаймыз, бізарнайы қаптарды өлшеп те көрдік", – деді Тимур.

«Жарқын күз» күзгі экологиялық науқанына Алматының спорт мектептерінің тәрбиеленушілері де қосылды. Жас спортшылар мен олардың жаттықтырушылары оқу орындарының аумағын тазартып, челленджге қатысты.

"Барлық ниет білдірушілер көшеге шығып, қаламызды көркейтуге, ағаш отырғызуға қатыса алады. Алматыны бірге таза әрі гүлденген қалаға айналдырайық", – деді ОРМБЖСМ №2 тәрбиеленушісі, Азия чемпионатының жүлдегері Максим Балабин.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жарқын күз #акция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);