ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Жәрмеңкеде 7 мыңға жуық вакансия ұсынылды

Жәрмеңкеде 7 мыңға жуық вакансия ұсынылды

Әлеумет 18.09.2025, 12:34 378
Жәрмеңкеде 7 мыңға жуық вакансия ұсынылды
aqshamnews.kz
Жұмысшы мамандықтар жылы – еңбек нарығындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған ірі бастама. Түркістан облысында осы бағытта жүйелі жұмыстар атқарылып, нақты нәтижелерге қол жеткізілуде. Облыс...

Жұмысшы мамандықтар жылы – еңбек нарығындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған ірі бастама. Түркістан облысында осы бағытта жүйелі жұмыстар атқарылып, нақты нәтижелерге қол жеткізілуде. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтың төрағалығымен өткен жиында осы мәселе кеңінен талқыланды.

Бастаманың негізгі мақсаты – жастардың техникалық және өндірістік мамандықтарға қызығушылығын арттыру, жұмыссыздық деңгейін төмендету және еңбекке құрмет сезімін қалыптастыру. Сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын ашу, шетелдік инвесторлармен бірлескен кәсіпорындарға отандық кадрлар даярлау, кәсіби білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету көзделген.

Бүгінде облыстағы 50 техникалық және кәсіби білім беру ұйымында 47 мыңнан астам студент 84 мамандық бойынша оқып жатыр. Жаңа оқу жылында 15,5 мың грант бөлініп, соның ішінде 8 880 грант жұмысшы мамандықтарына берілді. Дуалды жүйемен 31 мыңнан астам студент білім алуда. Өткен жылы колледж түлектерінің 75 пайыздан астамы жұмысқа орналасқан.

Жыл басынан бері аймақта 64 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 7 мыңға жуық вакансия ұсынылды. Сонымен қатар 10 мыңнан астам оқушы мен студент 37 кәсіпорында болып, өндірістің жұмыс барысымен танысты. Колледждерде стартап жобалар қолға алынып, халықаралық аккредитация жүргізілуде.

Жалпы 2025 жылы «Аймақтық карта» аясында 130 мыңнан астам жұмыс орны ашу жоспарланған. Қыркүйек айына дейін оның 100 мыңнан астамы іске асырылып, 32 мыңнан астамы жұмысшы мамандықтарына арналды.

Түркістан облысында жүргізіліп жатқан бұл жұмыстар еңбек нарығындағы сұранысқа жауап беріп қана қоймай, жастардың кәсіби біліктілігін арттырып, аймақтың тұрақты дамуына ықпал етуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,275 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.