AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Жақын күндері Қытайда ХХХІ Дүниежүзілік жазғы унив...

Жақын күндері Қытайда ХХХІ Дүниежүзілік жазғы универсиада басталады

Спорт 25.07.2023, 05:17 1,078
Жақын күндері Қытайда ХХХІ Дүниежүзілік жазғы универсиада басталады
Сурет: Inform.kz

28 шілдеде Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясының Чэнду қаласында 31-ші Дүниежүзілік жазғы универсиада басталады.


Спорттық шара 8 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Чэндудегі универсиада 2021 жылы өтуі керек еді, бірақ COVID-19 пандемиясына байланысты бір жылға шегерілді. Пандемия салдарынан 2022 жылы да ұйымдастырылмады. 2022 жылдың маусым айында Халықаралық студенттік спорт федерациясының (FISU) атқарушы комитеті жарыстың жаңа датасын белгіледі – 2023 жылдың 28 шілдесі мен 8 тамызы аралығы. Универсиада 2023 жылы өтетініне қарамастан, бастапқы «Чэнду 2021» атауы сақталады. Чэнду-2021 ойындарында дүниежүзі университеттерінің студенттері спорттың 18 түрінен 269 медаль жиынтығы үшін сынға түседі. Ұйымдастыру комитетінің өкілдері Универсиадаға жұмылдырылатын 49 стадион екі жыл бұрын пайдалануға берілгенін айтты. Биыл спорт нысандарын қабылдау және сынақтан өткізу жұмыстары жүргізілді, олардың барлығы стандартқа сай және халықаралық жарыстарды өткізуге жарамды. Спорттық шараға 20 мыңнан астам волонтер тартылған.


Қазақстанның 90 спортшыдан тұратын студенттік командасы спорттың 10 түріне қатысады: садақ ату, гимнастика, жеңіл атлетика, семсерлесу, дзюдо, жүзу, үстел теннисі, таеквондо, оқ ату және ушу.


Чендудегі жазғы универсиаданың ашылу салтанатына ҚХР төрағасы Си Цзиньпин қатысатыны күтіледі. Қытай осымен үшінші рет Дүниежүзілік жазғы Универсиаданы өткізгелі отыр. Бұған дейінгі ойындар 2001 жылы Бейжіңде және 2011 жылы Шэньчжэнде өткен еді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қытай #жазғы универсиада #спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);