AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Нарық / Жапонияға жылқы етін жеткізуге үлкен мүмкіндіктер...

Жапонияға жылқы етін жеткізуге үлкен мүмкіндіктер бар

Нарық 13.01.2024, 06:42 3,963
Жапонияға жылқы етін жеткізуге үлкен мүмкіндіктер бар
almaty-akshamy.kz

ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Экономика, сауда және өнеркәсіп вице-министрі Ресукэ Кодзуки бастаған Жапониядан келген делегациямен кездесу өткізді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен перспективаларын, оның ішінде екіжақты сауданы ұлғайту мүмкіндіктерін талқылады.


Арман Шаққалиев атап өткендей, Жапония Қазақстандағы ірі инвесторлардың ондығына кіреді. Соңғы 17 жылда жапондық инвестиция көлемі 7,8 миллиард доллардан асты.


2023 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша өзара тауар айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,5% - ға ұлғайып, 2 млрд долларға жетті.



«Біз қазақстандық өнімдердің экспортын кеңейту әлеуетін көріп отырмыз және 204 миллион долларға 45 өңделген тауарды жеткізуді одан әрі арттыруға дайынбыз. Қазақстанда ірі ауыл шаруашылығы және азық-түлік хабына айналу үшін барлық ресурстар бар. Ауыл шаруашылығы өнімдерін, әсіресе, жылқы етін жеткізуде үлкен мүмкіндіктер бар», – деді ҚР сауда және интеграция министрі.



Сауда-экономикалық өзара қарым-қатынастардың өсуі мен нығаюы үшін Арман Шаққалиев қазақстандық «KazakhExport» пен Жапонияның экспорттық-кредиттік агенттігі арасында сақтандыру, қайта сақтандыру және несиелерге кепілдік беру саласында тығыз ынтымақтастық орнатуды ұсынды.


Кездесуде тараптар Осака қаласында 2025 жылдың 13 сәуір мен 13 қазан айлар аралығында өтетін «Біздің өміріміз үшін болашақ қоғамын құру» тақырыбындағы ЭКСПО 2025 көрмесіне дайындық мәселесін көтерді.


Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің айтуынша, Қазақстанның халықаралық көрмеге қатысуы екі елдің мүдделі компаниялары мен іскер топтары арасында ұзақ мерзімді және өзара тиімді байланыстарды орнатуға ықпал етеді.


Өз кезегінде Жапонияның Экономика, сауда және өнеркәсіп вице-министрі Ресукэ Кодзуки елдеріміз арасындағы іскерлік қарым-қатынастардың одан әрі жандандыруға сенім білдірді, сондай-ақ алдағы көрмеге сапалы дайындықты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанға көмек көрсетуге уәде берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Жапония #сауда
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);