AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Жапониядағы жойқын жер сілкінісі қайталануы мүмкін

Жапониядағы жойқын жер сілкінісі қайталануы мүмкін

Әлем 04.01.2024, 09:16 1,323
Жапониядағы жойқын жер сілкінісі қайталануы мүмкін
Сурет: Astanatv.kz

Қазір Жапонияда іздеу-құтқару операциялары жалғасып жатыр.


Қуаты 7,6 баллдық жер сілкінісінен, 62 адам қаза тапқан. Үйлер құлап, ғимараттар өртеніп, жолдар бұзылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Салдарынан құтқару жұмыстары қиындап отыр. Дүмпу қайталануы мүмкін деген қауіп әлі сейілген жоқ. Ал цунами қаупі туралы дабыл доғарылды. Жойқын зілзала құрбандарының саны әлі де өсуі мүмкін. Себебі құтқарушылар табиғи апаттан зардап шеккен аудандарға жете алмай жатыр.



«Жер сілкінісінен бері 40 сағаттан астам уақыт өтті. Зардап шеккендерді құтқару үшін уақытпен жарысып жатырмыз. Бүгін іздестіру-құтқару отрядтарының санын 1000-нан 2000-ға дейін арттырамыз, құтқарушы иттердің саны да екі есе көбейеді», - дейді Жапония премьер-министрі Фумио Кисида. 



Жапонияда қуаты 7,6 баллдық зілзала дүйсенбіде болды. Дүмпу ошағы Исикава префектурасындағы Ното түбегінде анықталған. Ғимараттар құлап, жолдар опырылды. Теңізде алып толқын көтерілген. Цунами биіктігі 1 метрден асты. Одан кейін лай көшкіні жүрген. Ондаған мың адам электр жарығынсыз қалды. 100 мыңға жуық тұрғын қауіпсіз жерге көшіріліп, спорт залдары мен мектептерге орналастырылды.



«Адамдар қатты қорқып қалған. Түнді ұйқысыз өткіздік. Шағын дүмпулер үздіксіз қайталанды», - дейді Эвакуация орталығының оператоы Мицуру Кида. 



Жапония метеорология агенттігінің мәліметінше, зілзала болған өңірде дүйсенбіден бері қуаты төмен 150-ден аса дүмпу болған. Қауіп әлі сейілген жоқ. Алдағы күндері магнитудасы 7 балға жуық зілзала қайталануы мүмкін деген ескерту жасалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жапония #жер сілкінісі #болжам
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);