AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Жапонияда қалың қар құрсауынан қаза тапқандар саны...

Жапонияда қалың қар құрсауынан қаза тапқандар саны 46-ға жетті

Әлем 12.02.2026, 14:19 391 Дина
Жапонияда қалың қар құрсауынан қаза тапқандар саны 46-ға жетті
сурет: AFP/Japan's Ministry of Defense/Handout

Жапонияның солтүстігінде соңғы ондаған жылда болмаған қарлы боран салдарынан адам шығыны көбейіп, төтенше жағдай ушығып отыр, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Күшті қар жаууынан Жапония аумағында көп метрлік қар үйінділері пайда болып, ауыр қайғылы оқиғалар жиілеген. Ресми деректерге сәйкес, табиғи апат салдарынан 46 адам қаза тауып, 558 адам түрлі жарақат алған. Жергілікті БАҚ мәліметінше, кейбір марқұмдардың денесі бірнеше күн бойы қар астында қалып, дер кезінде табылмаған.

Жапон билігінің хабарлауынша, жазатайым оқиғалардың басым бөлігі ғимараттардың шатырынан құлаған қар массасының адамдарды басып қалуынан болған. Сондай-ақ зардап шеккен өңірлерде тұрғын үйлердің опырылып құлағаны тіркелді.

Қаңтар айының соңынан бері елдің солтүстігінде бұрын-соңды болмаған қарлы боран тоқтамай тұр. Аомори және Аджигасава қалаларында қар жамылғысының қалыңдығы бір метрден асқан. Ал кейбір аудандарда қардың биіктігі 4,5 метрге дейін жеткен.

Аомори префектурасының губернаторы Соичиро Миясита қала әкімдігінің көшелерді, үйлерді және теміржол желілерін қардан тазалауға шамасы жетпей отырғанын мәлімдеді. Осыған байланысты ақпан айының басында жапон армиясынан көмек сұралған. Қазір әскери қызметкерлер, әсіресе, жалғызбасты және қарт адамдарға қар тазалау жұмыстарына қолғабыс көрсетіп жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#оқиға #апат #Жапония
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);