конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Жапония қарттары түрмеде өмір сүруді артық көруде

Жапония қарттары түрмеде өмір сүруді артық көруде

Әлем 20.01.2025, 06:04 1,805
Жапония қарттары түрмеде өмір сүруді артық көруде
Сурет: ашық дереккөз

Жапонияда қарт адамдар арасында түрмеге өз еркімен бару құбылысы жиілеп келеді. Бұл туралы Aqshamnews.kz сайты хабарлайды.

CNN-нің деректеріне сүйенсек, елдегі ең ірі әйелдер түрмелерінің бірі қарт адамдармен толтырылған. Түрме қызметкерлерінің айтуынша, жалғыздық мәселесі соншалықты өзекті болғандықтан, көптеген қарт адамдар еркіндіктен гөрі түрмеде қалуды жөн көреді.

Тотиги түрмесінің қызметкері Такаеси Сиранага атап өткендей:

"Кейбіреулер тіпті мұнда өмір бойы қалу үшін айына 20-30 мың йен төлеуге дайын."

Түрмеде жазасын өтеп жатқан қарт адамдар тұрақты тамақтану, тегін медициналық көмек және әлеуметтік қолдау алады. Бұл артықшылықтар олардың сыртқы өмірге қарағанда түрмеде өзін қауіпсіз сезінуіне ықпал етеді.

81 жастағы әйел, түрмеде тамақ ұрлағаны үшін жазасын өтеп жатқанын айта отырып:

"Бұл түрмеде жақсы адамдар бар. Мүмкін, бұл менің ең тұрақты өмірім шығар," – деп бөлісті.

Жапонияда 65 жастан асқан адамдардың 20%-ы кедейлікте өмір сүреді. Көптеген қарттар аштық, суық және медициналық шығындар сияқты қиындықтарға тап болады. Сиранага түсіндіргендей:

"Кейбір адамдар мұнда суықтан немесе аштықтан қорғану үшін келеді. Олар түрмеде болғанда тегін медициналық көмек алады, бірақ бостандыққа шыққан соң оны өздері төлеуі тиіс. Сондықтан мұнда барынша ұзақ қалуға тырысады."

Бұл жағдай мемлекетке қарттардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша қосымша шаралар қабылдау қажеттігін меңзейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жапония #Түрме #Кедейлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11

Almaty Gallery Өзбекстан суретшілерінің туындыларын ұсынды

Бүгін 13:57

YE концерті 15 тамызда сағат 21:00-де өтеді

Бүгін 13:54

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);