ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлем / Жапония жұртшылығы тағы да шеруге шықты

Жапония жұртшылығы тағы да шеруге шықты

Әлем 12.03.2023, 14:48 902
Жапония жұртшылығы тағы да шеруге шықты
сурет:egemen.kz
Фукусима апатына 12 жыл болды.

Фукусима апатына 12 жыл болды.


Жапония жұртшылығы тағы да шеруге шықты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz


Бұл шеру 12 жыл бұрын болған Фукусима апатымен тығыз байланысты. Белсенділер тобы Фукусима-1 атом электр станциясынан радиоактивті суды мұхитқа төгуге қарсы. 


12 жыл бұрын 2011 жылы «Фукусима-1» АЭС-де алапат апат болған еді. Бұл Чернобыльден кейін соң­ғы 25 жылдағы ең ірі апат болып саналады. 9 балдық жер сіл­кінісінен пайда болған 15 метр­лік теңіз толқыны стансаның энергоблоктарын басып қалып, газ құйылған резервуар жарылып, оларды қуат көзінен үзіп тастаған еді. Нәтижесінде реак­­торларды суыту жүйесі істен шықты. Апатта 20 мыңнан аса адам қаза тапты. Радиацияның кесірінен жарты миллион тұрғын қауіпті аймақтан көшіріліп, мыңдаған үй тұруға жарамсыз болып қалған еді.  


Содан бері Жапонияда жылда аза тұту рәсімі өтеді. Сонымен қатар, әр жұма сайын белсенділер тобы наразылық шеруін өткізіп келеді. Олар Фукусима-1 атом электр станциясынан радиоактивті суды мұхитқа төгуге қарсы. Биліктің бұл шешімі экологиялық апатқа әкеледі деген пікірде. Бірақ ел Үкіметі су мұхитқа төгілер алдында сүзіліп, радиоактивті элементтерден тазартылады деген жауап айтуда.


Қазір станция қоймасындағы су мөлшері 1,3 млн тоннаға жетіп, лық толып тұр. Бұл су реакторларды салқындату үшін қолданылады. Шеруге шыққан наразы жұрт "Үкімет шешімін өзгертпесе, апта сайын наразылық шарасын өткіземіз. Радиоактивты суды мұхитқа төгуге қарсымыз. Бұл тек Жапонияға емес, көршілес Қытай мен Кореяға, тіпті бүкіл әлемге әсерін тигізеді", - деп мәлімдеді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,438 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,254 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,288 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,181 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.