Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Жапондық сарапшылар Қазақстанның 4 облысындағы гид...

Жапондық сарапшылар Қазақстанның 4 облысындағы гидротехникалық құрылыстарды зерттейді

Әлеумет 22.07.2024, 15:42 917
Жапондық сарапшылар Қазақстанның 4 облысындағы гидротехникалық құрылыстарды зерттейді
Сурет: Gov.kz

Жапондық сарапшылар келесі жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында Қазақстанның 4 облысындағы 13 гидротехникалық құрылысқа зерттеу жүргізеді.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Жапонияның Қазақстандағы Елшісі Джун Ямадамен және Жапония Халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (JICA) өкілдерімен кездесу барысында аталған ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап. 

Агенттік мамандары биылғы су тасқыны кезінде өте үлкен көлемде су қабылдаған гидротехникалық құрылыстарды тексереді. Бүгінгі таңда Қостанай, Ақмола, Ақтөбе және Абай облыстарының нысандарын алдын ала визуалды тексеріс өтті.

«Жапондық әріптестерімізге көмек көрсеткендері үшін алғыс айтқым келеді. Су тасқыны кезінде біздің гидротехникалық нысандар түрлі апаттардың алдын алып, үлкен көлемде суға төтеп берді. Болашақта бұл нысандардың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін олардың жай–күйін мұқият зерделеп, ықтимал осалдықтарды анықтап, оларды жою жөнінде алдын ала іс-шаралар қабылдау қажет», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Сондай-ақ, тараптар су тасқынымен тиімді күресу үшін гидротехникалық құрылыстарды автоматтандыру мен цифрландыру мәселесін талқылады. Атап айтқанда, су жіберу деңгейі мен көлемін анықтау үшін есептегіш қондырғыларды орнату жөнінде сөйлесті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жапондық сарапшылар #гидротехникалық құрылыс #зерттеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.