конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жапон делегациясы Алматыда ынтымақтастықты нығайту...

Жапон делегациясы Алматыда ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады

Әлеумет 24.11.2021, 17:12 1,387
Жапон делегациясы Алматыда ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады
inform.kz

Алматы қаласындағы Қорғаныс министрлігінің Бітімгерлерді даярлау орталығына Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ямада Джун, қорғаныс мәселелері жөніндегі елшінің бірінші хатшысы полковник Саваи Тадаши мен медициналық мәселелер жөніндегі кеңесші Нишизава Соко жұмыс сапарымен барды деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.



Орталықтың бастығы полковник Бауыржан Нығметуллин орталық қызметінің мақсаты мен мәні, оның ішінде бітімгерлік курстар мен қарқынды тілдік дайындық туралы хабардар етті. Орталықты дамыту жоспарында өткізілетін курстарды көбейту және мекеменің өңірлік деңгейге шығуы да бар. Сөз арасында 19 қарашада «БҰҰ-ның Азаматтық тұрғындарды қорғау – United Nations Protection of Civilians Course» атты БҰҰ-ның сертификатталған халықаралық курсы аяқталғанын айта кетейік. Онда Бангладеш, Бразилия, Қазақстан, Мавритания, Мозамбик, Нигерия, Пәкістан, Сауд Арабиясы және Финляндия Қарулы Күштерінің өкілдері оқыды. Сапар барысында Қазақстан мен Жапония қорғаныс ведомстволары арасындағы орталықтың бітімгершілік әлеуетін дамытудағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.


Төтенше және Өкілетті Елші Ямада Джун кездесуді ұйымдастырып, қонақжайлылық танытқаны үшін Қорғаныс министрлігіне өз алғысын білдірді. Сондай-ақ ол Қазақстанның бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияларға қатысуын кеңейту арқылы бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлесін атап өтті.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақ #жапон #бітімгер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11

Almaty Gallery Өзбекстан суретшілерінің туындыларын ұсынды

Бүгін 13:57

YE концерті 15 тамызда сағат 21:00-де өтеді

Бүгін 13:54

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);