AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жануарларға да жауапкершілікпен қарау керек

Жануарларға да жауапкершілікпен қарау керек

Әлеумет 26.10.2021, 11:20 1,472
Жануарларға да жауапкершілікпен қарау керек
baq.kz


ҚР Парламент Мәжілісінде «Жануарларға жауапкершілікпен қарау» туралы заң жобасы қаралып жатыр. Осы заң жобасының 5-бабының 1-тармағының 5-тармақшасына редакция жасалды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz baq.kz сілтеме жасап.



Заң жобасының 5-бабы жануарларды қатыгездікпен қараудан қорғау туралы болатын. Бұған дейінгі мәтінінде: «1. Жануарларды қараған кезде: 5) жануарлардың жарақаттануына, мертігуіне немесе өліп қалуына әкелетін ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады», - деп көрсетілген.



Егер бұл тармақша осы бойы қабылданатын болса, еліміздің Ұлттық спорт саласына тыйым салуға тура келуі мүмкін еді. Себебі ұлттық спортымыздың 80 пайызға жуығы ат үстінде, саят құстарымен, тазы иттермен тікелей қатысты. Ал «өмір бар жерде өлім бар», түрлі оқыс жағдай туындауы әбден мүмкін.


Осыны ескере отырып, Парламент Мәжілісінің депутаттары Дариға Назарбаева мен Бекболат Тілеухан заң жобасына түзетулер ұсынған болатын.


Бүгін заң жобасын талқылауға қатысты отырыста аталған 5-тармақшаға түзетулер енгізілді. Онда 5-тармақша Ұлттық спорт түрлеріне қатыссыз екені көрсетілді.


5-бап. Жануарларды қатыгездікпен қараудан қорғау. 1. Жануарларды қараған кезде: 5) Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңына сәйкес, жануарлар қолданылатын ұлттық спорт түрлерінің спорттық шараларын қоспағанда, жануарлардың жарақаттануына, мертігуіне немесе өліп қалуына әкелетін ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады, – делінген жаңа редакцияда.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#парламент #заңжобасы #жануарлар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);