Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жанқош Тұраровтың адвокаты мәлімдеме жасады

Жанқош Тұраровтың адвокаты мәлімдеме жасады

Әлеумет 26.08.2024, 15:57 2,881
Жанқош Тұраровтың адвокаты мәлімдеме жасады
Сурет видео скрині
 

Алматыда Жанқош Тұраровтың адвокаты Самат Мамұтов баспасөз мәслхатын өткізді. Баспасөз мәслихатында Самат Мамұтов Әнару Құрманәліге қарсы полицияға арыз бергенін мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Адвокаттың айтуынша, интернет желісінде Әнару Құрманәліге қатысты таралып жатқан бейнематериалдар бойынша полиция басқармасына тексеру жүргізу туралы арыз берілген. Арызданушы адамдардың үстінен оның зорланғаны туралы арыз жазып, ақша алғаны жөніндегі деректер бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде. Бұл деректер нақты дәлелденген жағдайда ресми органдар жауап береді.

Сонымен қатар, Самат Мамұтов интернетте таралып жатқан бейнематериалдар мен өзге де ақпараттарға сәйкес, Әнару Құрманәлінің 2024 жылдың 19 тамызында шамамен сағат 22:00-де мас күйінде Әуезов аудандық полиция басқармасына келіп, Жанқош Тұраровқа арыз бергенін айтты. Сол жерде ол басқа адамдармен жанжалдасып, төбелесіп, жартылай жалаңаштанып, өзін беймарал ұстағаны туралы мәлімет бар. Бұл деректерді тексеру үшін полицияға сұраныс жіберілген, сондай-ақ, полиция аумағындағы бейнебақылау камераларынан жазбалар алынған.

Адвокат Мамұтовтың айтуынша, бұл деректер расталса, Әнару Құрманәліге қатысты сот-психологиялық және наркологиялық сараптама жүргізуге өтініш жасалады. Сонымен қатар, оған қатысты психотропты заттарды қолдану туралы ақпарат түсіп жатқанын да атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жанқош Тұраров #Әнару Құрманәлі #Самат Мамұтов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы студенттері құқықтық мәдениетін нығайтуда

Бүгін 21:07

Алматы қаласы аумақтық және учаскелік референдум комиссияларының құрамы, орналасқан жері, шеқаралары және жұмыс уақыты туралы

Бүгін 19:07

Сайлау кезінде сайлаушылармен кездесу өткізу үшін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне және Алматы қаласының мәслихатына депутаттыққа кандидаттарға шарттық негізде берілетін үй-жайлардың тізбесі

Бүгін 18:54

Колледж оқытушылары жасанды интеллект негіздерін тегін оқып шықты

Бүгін 18:07

Алматыда сталкингтің алдын алу бағытында жүйелі профилактикалық жұмыс жүргізілуде

Бүгін 17:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі