ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Жаңғақтың отаны Қырғызстан ба?

Жаңғақтың отаны Қырғызстан ба?

Әлеумет 01.04.2025, 18:46 775
Жаңғақтың отаны Қырғызстан ба?
Сурет ЖИ
Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Камчыбек Ташиев жаңғақты «қырғыз жаңғағы» деп атауды ұсынды. Бұл туралы Откурбек Рахманов Facebook парақшасында...

Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Камчыбек Ташиев жаңғақты «қырғыз жаңғағы» деп атауды ұсынды. Бұл туралы Откурбек Рахманов Facebook парақшасында жариялаған видеода айтылған, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бейнежазбадан көрінгендей, бұл сөздер Жалал-Абад облысында көшет отырғызу кезінде айтылған.


«Мыңдаған жылдан бері біздің өңірде жаңғақ өсіп келеді. Әлем бойынша ең үлкен жаңғақ алқабы Арсланбобта орналасқан. Бұл тек Қырғызстан бойынша емес, бүкіл Орталық Азияда, тіпті басқа құрлықтарда да мұндай алқап жоқ. Жер бетінде мұндай үлкен жаңғақ орманы жоқ. Біз осындай ерекше жерде өмір сүріп жатырмыз. Әлемге жаңғақ дәл осы Қырғызстаннан таралған. Кейін оны грек жаңғағы, түрік жаңғағы, испан, венгр жаңғағы деп атап кеткен. Бірақ шын мәнінде ол Қырғызстаннан шыққан. Сондықтан біз оны грек жаңғағы емес, қырғыз жаңғағы деп атауымыз керек», – деді Ташиев.

Бұған дейін хабарланғандай, Камчыбек Ташиевтің бастамасымен Жалал-Абад облысында 100 гектар бос жерге 40 мың көшет отырғызу басталған. Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі бұл аумаққа жаңғақтан бөлек, фисташка, бадам, алма, қарағай, өрік, сондай-ақ қылқан жапырақты және жалпақ жапырақты ағаш түрлері отырғызылатынын нақтылаған.

Алдыңғы жылдары Қырғызстанның Қоршаған ортаны қорғау және орман шаруашылығы агенттігі қырғыз жаңғағының брендін қалыптастыру жұмыстарын жүргізіп жатқанын хабарлаған. Онда ешбір елде Қырғызстандағыдай жабайы жаңғақтар өспейтіні айтылған. Агенттік мәліметінше, жаңғақ ормандарының жалпы аумағы 45 мың гектарды құрайды. Ал open.kg сайтының дерегінше, Арсланбоб аңғарында ғана жаңғақ ормандары 600 мың гектардан астам аумақты алып жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,313 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,985 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.