ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Жандарбек Бекшин: Алматыдағы эпидемиологиялық ахуа...

Жандарбек Бекшин: Алматыдағы эпидемиологиялық ахуал «Дельта» штамының таралуына байланысты ушыға түсуде

Медицина 28.06.2021, 14:27 1,644
Жандарбек Бекшин: Алматыдағы эпидемиологиялық ахуал «Дельта» штамының таралуына байланысты ушыға түсуде
almaty-akshamy.kz
28 маусымда Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында сөйлеген сөзінде Алматының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин маусым айында қалада коронавирус...

28 маусымда Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында сөйлеген сөзінде Алматының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин маусым айында қалада коронавирус жұқтырудың 3 800 жағдайы тіркелгенін айтты.


Алматының бас санитарлық дәрігері тұрғындарды эпидемиологтар мен дәрігерлерге жауапкершілікпен қарауға шақырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Дәрігердің айтуынша, қазір санитарлық қауіпсіздік ережелерін сақтау өте маңызды: бетперде тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау, қолды жиі жуу мен вакцина алу.



«Жыл басынан бері Алматыда КВИ-дің 55 101 жағдайы анықталды. Ал маусым айында 3 889 жағдайы тіркелді. Өткен аптада коронавирус дерті 1,7 есе өсті. 742-ден 1237-ге дейін. Соңғы тәулікте КВИ-дің 215 жағдайы тіркелді», - деді Ж. Бекшин
Оның айтуынша, Алматыдағы эпидемиологиялық жағдай контагиозды мутацияланған "дельта"штамының таралуына байланысты ушығуда.



Эпидемиологтардың айтуынша, ПТР орташа тәуліктік оң нәтижелері 114-тен 188-ге дейін өсті. Соңғы аптада симптомдары бар КВИ-мен ауыратындардың үлес салмағы 32%-дан 53%-ға дейін артты, бұл COVID-19 «дельта» штамының тез тарайтынын көрсетті.



«Вирус жұқтырғандар санының күрт өсуіне байланысты біз мутацияланған штамдарға зерттеу жүргіздік. Нәтижесінде КВИ науқастарынан алынған 131 үлгінің 77 «альфа", британдық штамдар, 46 үлгіде «дельта» үнді штамдары анықталды. Сонымен қатар, екі «гамма», оңтүстік африка штаммдары мен бір нью-йорктік «бетта» штамы тіркелді. Жалпы эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуі «альфа» штамының таралуының, ал аурудың көбеюі Нұр-Сұлтан қаласы мен Ресейден әкелінген «дельта» штамының салдарынан», - деді Жандарбек Бекшин.



Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері қабылданған шектеу шараларын міндетті түрде орындау қажеттігін айтты. Жандарбек Бекшиннің айтуынша, жалпы дертті жұқтырмаудың жалғыз жолы – вакцина алу мен санитарлық нормаларды сақтау.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.