Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Жаңбыр, қар, бұршақ...

Жаңбыр, қар, бұршақ...

Әлеумет 26.05.2024, 10:02 827
Жаңбыр, қар, бұршақ...
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райы қолайсыз болады. 

"Қазгидромет" РМК сипоптиктері 26 мамырда еліміздің бірнеше өңіріне ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қаласында 26 мамырда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында түнде қатты жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) күтіледі, күндіз қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Түнде облыстың батысында 2 градус үсік күтіледі. Көкшетау қ.: 26 мамырда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысының батысында. солтүстігінде тұман күтіледі. Қарағанды қ.: 26 мамырда түнде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күңдіз кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, кей уақытта 23 м/с. Облыстың солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі. Жезқазған қ.: 26 мамырда найзағай күтіледі. Батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күңдіз екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл, тұман күтіледі. Тараз қ.: 26 мамырда түнде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Абай облысының оңтүстік-батысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында, орталығында, оңтүстік-батысында екпіні 23-28 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семей қ.: 26 мамырда күндіз найзайғай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз 15-20 м/с, екпіні 23 м/с.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында 15-20, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанай қ: 26 мамырда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Өскемен қ.: 26 мамырда күндіз найзайғай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысында жел батыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с сақталады. 26 мамырда облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 26 мамырда жел батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел батысқа ауысады, күші облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Павлодар қ: 26 мамырда күндіз найзағай күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың батысында екпіні 23 м/с. Түнде облыстың оңтүстігінде 2 градус үсік күтіледі. Петропавл қ.: 26 мамырда күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15 м/с, күндіз күші 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе облысының батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбе қ.: 26 мамырда батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Атырау облысында солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жаңбыр #найзағай #жел
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.