ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / «ЖАҢАРУ КҮНІ»  Алатау ауданында 150 ағаш отырғызыл...

«ЖАҢАРУ КҮНІ»  Алатау ауданында 150 ағаш отырғызылды

Әлеумет 19.03.2025, 12:53 669
«ЖАҢАРУ КҮНІ»  Алатау ауданында 150 ағаш отырғызылды
Самат Құсайынов
Алматыдағы абаттандыру жұмыстарына «Жаңару күні» ерекше қарқын қосты. Осы күнге орай Алатау ауданының Дархан ықшамауданында 150 ағаш отырғызылды. Игі іске аудан әкімдігі, еріктілер мен белсенді...

Алматыдағы абаттандыру жұмыстарына «Жаңару күні» ерекше қарқын қосты. Осы күнге орай Алатау ауданының Дархан ықшамауданында 150 ағаш отырғызылды. Игі іске аудан әкімдігі, еріктілер мен белсенді тұрғындар атсалысты.

Аудандық Көріктендіру бөлімінің бас маманы Мадияр Абуевтің айтуынша, бұл – кешенді көгалдандырудың алғашқы қадамы.

– Наурыз мерекесіне орай осы жерге жөке мен шаған ағаштары егілді. Алдағы екі айда тағы 500 түп көшет отырғызу жоспарланып отыр. Бұрын бұл аумақ қараусыз қалып, бей-берекет қоқыс алаңына айналған еді. Біз мұнда тұрақты түрде сенбіліктер ұйымдастырып, тазалық жұмыстарын жүргізіп келеміз. Көгалдандыру – экологияны жақсартудың ең тиімді жолдарының бірі, – деді ол.

Дархан ықшамауданының тұрғыны Дина Сармантаеваның айтуынша, аумақ халық қатысатын бюджет жобасы аясында тіпті де көрікті бола түспек. 

– Бұрын бұл жер қараусыз, қоқыстар үйілген аумақ еді. Енді ол балалар үшін таза әрі жайлы ойын алаңына айналғалы отыр. Жақында мұнда балалар алаңы салынады, бұл тұрғындарды қуантып жатыр – дейді игі іс барысында.

Алатау ауданында биыл 3000-ға жуық ағаш отырғызу жоспарланған. Бұл жұмысқа аудан әкімдігі мен мердігер ұйымдардан бөлек, жастар да белсенді қатысуда. Көріктендіру бөлімінің бас маманы үдерістің қалай жүріп жатқанын түсіндірді: 

– Өткен жылы аудан бойынша 65 мың ағаш отырғызылса, оның 5000-ы қылқан жапырақты және жапырақты ағаштар болатын. Биыл бұл көрсеткіш арта түседі деп күтілуде , – деді М.Абуев.

Жақын арада көшеттер Райымбек даңғылы, Момышұлы көшесі және Рысқұлов даңғылы бойындағы бос жерлерге де отырғызылмақ. Қаланы көгалдандыру әкімдік қана емес, қала тұрғындарының да қолдауымен жүзеге аспақ.
Экологияны жақсарту – әр азаматтың жауапкершілігі. Алматыны көркейтуге үлес қосқысы келетін кез келген адам осындай бастамаларға қатыса алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,440 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,318 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,985 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.