конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жанармайдың қымбаттауына көрші елдермен баға айырм...

Жанармайдың қымбаттауына көрші елдермен баға айырмашылығы әсер етіп отыр

Әлеумет 06.04.2023, 18:20 1,044
Жанармайдың қымбаттауына көрші елдермен баға айырмашылығы әсер етіп отыр
Сурет: ашық дереккөз

Сарапшылар Қазақстанда дизель отыны тапшылығының басты себебі бағадағы диспропорцияда екенін айтады. Отандық отын бағасы көрші елдермен  салыстырғанда айтарлықтай арзан, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


 Қазақстан әлемдегі жанармайы арзан он елдің қатарында. Мысал үшін, Ресейде дизель бағасы орташа есеппен литріне 345 теңге, яғни біздегі нарық бағасынан 45%-ға қымбат. Қырғызстандағы баға 390 теңге болса, Өзбекстандағы баға бізбен салыстырғанда екі есеге қымбат. Бұл елде дизелдің литрі 480 теңге. Арадағы айырмашылық 101 пайызға тең.   


Мамандардың айтуы бойынша, нарықтағы дизельге сұраныстың тұрақты өсу себебінің негізгі факторы транзиттік көлік ағыны, бұдан басқа Қазақстаннан шетелге «сұр схема» бойынша алып кетіп жатқан экспорт.


Өткен жылы мамандардың есептеуінше шетелдік транзиттік көлік тұтынған дизель көлемі шамамен 150 мың тоннаны құраған. Бұдан басқа сұр экспортпен кеткен отынның көлемі шамамен 200 мың тонна.


Елімізде үш мұнай өңдеу зауытында жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін, мұнай өңдеу көлемі 3 млн. тоннаға артқан. Қазір жылына шамамен 17 млн. тонна шикі мұнай өнделеді.


Сарапшылардың пайымы бойынша соңғы 5 жылда бензин шығару көлемі 70%-ға артқан. Яғни 3 млн. тоннадан 5 млн. тоннаға жеткен. Ал дизель отыны - 33%-ға өсіпті.


Өткен жылы дизель отынын шығару бойынша рекордтық көрсеткіш – 5,2 млн. тоннаға жетсе, биылғы жылы еліміздің бірқатар өңірлерінде дизель тапшылығы бар. Демек, елеміздегі 350 мың тонна көлеміндегі дефицитті қымбат бағадағы импорттық отынмен жабуға мәжбүр болған.


 Осы орайда, экономикаға маңызды өнеркәсіп секторы болып саналатын тау-кен металлургия кешені және темір жол салаларының тұтыну көлемі сол қалпында қалған.


Қазақстандық дизель отынын түрлі жолдарды пайдаланып, шетелге сатудан түсетін пайда 50%-дан 120 %-ға дейін жетеді, жалпы пайда жылына шамамен 140 млн. АҚШ долларды құрайды екен.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жанармай #көлік #дизел
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда Lotus Fest – 2026 фестивалі басталды

Бүгін 17:06

Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 96 жыл толды

Бүгін 17:02

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде түнгі уақытта көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Бүгін 16:54

Алматыда Gran Fondo World Championship әлем чемпионаты өтеді

Бүгін 16:48

Алматының Орталық стадионында Канье Уэсттің концертіне қызу дайындық жүріп жатыр

Бүгін 16:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);