Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Жанар-жағармай құю бекеттерін бақылайтын өңірлік к...

Жанар-жағармай құю бекеттерін бақылайтын өңірлік комиссиялар құрылды

Әлеумет 13.09.2022, 05:56 1,020
Жанар-жағармай құю бекеттерін бақылайтын өңірлік комиссиялар құрылды
Сурет: Gov.kz

Өңірлерде отын тапшылығы мен іркілістер болмауы тиіс.


Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кезекті Үкімет отырысында күн тәртібінен тыс ішкі нарықты жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мәселесі қаралды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz сілтеме жасап.


Үкімет жанармай нарығындағы жағдайды тұрақтандыру үшін қажетті шұғыл шараларды қабылдады.


Өңірлерді мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету бойынша күнделікті жұмыс жүргізетін жедел комиссия құрылды. Әр облыста мұнай базалары мен ұсақ жанар-жағармай құю бекеттерін бақылау жөніндегі өңірлік комиссиялар құрылды. Зауыттарда мұнай өңдеу және дизель отынын өндіру көлемі ұлғайтылды. Мұнай өнімдерін әкетуге жол бермеу мақсатында қажетті экспорттық шектеулер енгізілді, дизель отыны ішкі нарыққа делдалдарсыз жеткізіледі.



«Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде жанар-жағармай нарығындағы ахуал бір қалыпқа келіп жатыр. Дегенмен жағдайды үнемі назарда ұстап, қатаң бақылау қажет. Мысалы, кейбір өңірлерде сұйытылған газдың тапшылығы орын алып отыр. Сондықтан кешенді жұмысты одан әрі жалғастыру керек, өңірлерде отын тапшылығы мен іркілістер болмауы тиіс», - деді Әлихан Смайылов.



Үкімет басшысы министрліктерге бірқатар тапсырма берді. Тапсырма бойынша Энергетика министрлігі мен Цифрлық даму министрлігі 15 қыркүйектен бастап жанармай құю станцияларында жанар-жағармай босатуды есепке алудың цифрлық жүйесін енгізуі керек.


Ауыл шаруашылығы министрлігі биылғы жылдың соңына дейін ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін жеңілдікті дизель отынын бөлу жүйесін енгізуді қамтамасыз етуі тиіс.


2023 жылдан бастап Энергетика министрлігі мұнайды өңдеудің жаңа жүйесіне көшуді іске асыруы керек. Бұл жүйе мұнай өнімдерін сату кезінде қажетсіз делдалдардың қатысуына жол бермейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#үкімет #премьер-министр #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.