ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Жаңадан құрылатын Конституциялық сотқа құқығы бұзы...

Жаңадан құрылатын Конституциялық сотқа құқығы бұзылған кез келген азамат жүгіне алады

Әлеумет 27.05.2022, 06:15 1,639
Жаңадан құрылатын Конституциялық сотқа құқығы бұзылған кез келген азамат жүгіне алады
Сурет: Inform.kz
Жаңа институт пайда болады.

Жаңа институт пайда болады.


ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин Youtube арнасында конституциялық реформа туралы кезекті видео жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.   


Конституциялық реформа қарапайым халыққа не береді? Саясаттан алыс қарапайым тұрғындар бұдан не ұтады? Конституциялық түзетулердің халқымызға қандай пайдасы бар? 


Бұл жолғы роликте Мемлекеттік хатшы осы сұрақтарға жауап беруге тырысқан. 



«Бұл реформаның оң әсерін еліміздің бүкіл азаматы сезінетін болады. Бірінші. Конституциялық кеңес Конституциялық сот болып қайта құрылады. Ол осы органның атауы ғана өзгереді деген сөз емес. Құзыры одан әлдеқайда ауқымды, мүлде басқа, жаңа институт пайда болады. Конституциялық сот Ата заңға қайшы келетін кез келген заңның немесе өзге де құқықтық актінің күшін жоя алады», - дейді Ерлан Қарин.



Сондай-ақ, ол Конституциялық сотқа жүгіну тәртібі қалай реттелетінін түсіндірді.



«Конституциялық сотқа Президент, Сенат пен Мәжіліс төрағалары, Парламент депутаттарының кем дегенде бестен бірі, Премьер-Министр, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Бас прокурор және ең бастысы, еліміздің кез келген азаматы жүгіне алады. Яғни, кез келген азамат қандай да бір нормативтік акт оның Конституцияда бекітілген бостандықтары мен құқықтарын шектейді деп санаса, Конституциялық сотқа шағымдана алады. Мұндай құқықтардың ауқымы кең. Конституциялық соттың шешімі қабылданған күннен бастап күшіне енеді және еліміздің бүкіл аумағында жалпыға міндетті саналады. Мұндай түпкілікті шешімдерге шағым келтіруге болмайды», - деді Мемлекеттік хатшы.



Бұған дейін 5 маусымда өтуі жоспарланған референдумдағы халықаралық байқаушыларды тіркеу 30 мамырға дейін жалғасатыны айтылған болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,446 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,257 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,343 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,986 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,185 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.