AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жаңа тұжырымдама ауылдық аумақтардың экономикалық...

Жаңа тұжырымдама ауылдық аумақтардың экономикалық әлеуетін кеңейтуге мүмкіндік береді – Әлихан Смайылов

Әлеумет 16.01.2023, 15:02 976
Жаңа тұжырымдама ауылдық аумақтардың экономикалық әлеуетін кеңейтуге мүмкіндік береді – Әлихан Смайылов
Сурет: Ашық дереккөз

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте салалық тұжырымдамалардың жобалары мен Астана маңындағы елді мекендерді әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары қаралды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Астана маңындағы елді мекендерді әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарында 2025 жылға дейін мектептер, балабақшалар, автожолдар, газ, жылу, электрмен, сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу, өнеркәсіпті дамыту, сондай-ақ азаматтарды спортпен және медициналық қызметтермен қамтуды арттыру және т. б. көзделгенін хабарлады.


Премьер-Министр ұсынылған Кешенді жоспардың жобасын республикалық бюджет комиссиясы мақұлдағанын ескере отырып, оны қолдайтынын айтты. 


Сондай-ақ кеңесте ұлттық экономика министрі Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасымен таныстырды. Оның айтуынша, ауылдық аумақтарда әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды (мектептер, ауруханалар, интернет, су қоймалары және т. б.) жаңғырту, кәсіпкерлік арқылы ауыл тұрғындарының табысын арттыру, жеке қосалқы шаруашылықтар мен кооперацияларды дамыту және т. б. шаралар іске асырылады. 


Тұжырымдама ауылдық аумақтарды дамыту тәсілдерінің тиімділігін арттыру, өмір сүру сапасын жақсарту және ауылдық жерлерде жайлы өмір сүруге қолайлы орта құру үшін Мемлекет басшысының тиісті жарлығы мен Сайлауалды бағдарламасын іске асыру үшін әзірленеді.


Сондай-ақ кеңесте республиканың отын-энергетика кешенін 2026 жылға дейін және электр энергетикасы саласын 2032 жылға дейін дамыту тұжырымдамаларының жобалары қаралды.


Премьер-Министр ұсыныстар мен ескертулерді ескере отырып, оларды пысықтауды тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ауылды дамыту #тұжырымдама #смайылов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);