конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Жаңа туған нәрестелердің реанимация бөлімі күрделі...

Жаңа туған нәрестелердің реанимация бөлімі күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды

Медицина 01.06.2022, 17:00 2,249
Жаңа туған нәрестелердің реанимация бөлімі күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының  Нәрестелерге арналған анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімі күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бөлім 2020 жылы мамыр айында күрделі жөндеуге жабылған еді.  Қазіргі уақытта жедел емді қажет ететін сәбилер қажетті ем-шараларын алып, операциялар жоспарлы түрде жүргізілуде.  


Жаңартылған бөлімде ламинарлы ауа ағыны бар таза бөлмелер кешені бар. Бұл жүйе кішкентай науқастарды инфекциялық аурулардан жұқтыруды сақтайды және жаңа туған нәрестелердің тез сауығуына ықпал етеді. 


Республикалық орталықтың  жаңа туған нәрестелерге арналған  реанимация бөлімі 2003 жылдан бастап жұмыс істейді. Бөлім республиканың әр аймағынан санавиация желісі бойынша келіп түскен нәрестелерге жоғары білікті мамандандырылған шұғыл және жоспарлы медициналық көмек көрсетеді. 



Бөлімде  хирургиялық патологиялардың көптеген түрлеріне шалдыққан, атап айтқанда өңеш атрезиясы, диагфрагмалық жарық, әртүрлі ішек тарылуы, гастрошизис, омфалоцелле, анусаатрезиясы, сонымен қатар шала туған нәрестелердегі ретинопатия, өкпе қызметінің күрделі бұзылыстары, түрлі соматикалық патологиялары бар және т.б. шала туған сәбилер мен ауыр жағдайдағы кішкентай пациенттерге көмек көрсетіледі. 


Бөлім 6 төсек-орынға арналған. Бөлім неонатальді блокта орналасқан және оның құрылымына неонатальді ота жасау бөлімі кіреді.  Медициналық көмек көрсету жұмысы анестезиолог-реаниматолог, анестезиолог мейірбикелер, кіші медицина персоналдарының жіті қадағалауында тәулік бойы жүргізіледі. 


Барлық қажетті ультрадыбыстық және рентгенологиялық зерттеулер, зертханалық-диагностикалық іс-шаралар тәулік бойы жүзеге асырылады. 


Жаңа келбеттегі бөлімге кішкентай пациенттеріміздің ата-аналары дән риза.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Нәресте #реанимация #Бөлімше
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде түнгі уақытта көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Бүгін 16:54

Алматыда Gran Fondo World Championship әлем чемпионаты өтеді

Бүгін 16:48

Алматының Орталық стадионында Канье Уэсттің концертіне қызу дайындық жүріп жатыр

Бүгін 16:42

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);