Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Жаңа Су кодексінің жобасына елді мекендерді су тас...

Жаңа Су кодексінің жобасына елді мекендерді су тасқынынан қорғау жөнінде нормалар қосылды

Әлеумет 21.11.2024, 17:39 798
Жаңа Су кодексінің жобасына елді мекендерді су тасқынынан қорғау жөнінде нормалар қосылды
Сурет: tomorrowsworld.org

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жаңа Су кодексінің жобасына тасқын және еріген қар суының алдын алу және қорғау іс-шаралары енгізілді.

Су ресурстары және ирригация министрлігі, Парламент Мәжілісінің депутаттары мен сарапшылар құжатты пысықтауды жалғастыруда, деп хабарлайды aqshamnews.kz сала министрлігіне сілтеме жасап. 

Су кодексінің жобасына сәйкес, елді мекендер мен нысандарды қорғау үшін жергілікті атқарушы органдар бөгеттер, мобильді қоршаулар, айналма арналар мен уақытша су қоймаларын салу жұмыстарын жүргізуі керек. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар су тасқыны мен еріген судан қорғау үшін орман екпелерін отырғызуды жүзеге асыруы тиіс.

Өз кезегінде, бассейндік жоспарлар еліміздегі 8 су шаруашылығы бассейнінің әрқайсысына қажетті іс-шараларды анықтайды.

Сондай-ақ, жаңа Су кодексінің жобасы құрғақшылыққа қарсы іс-шараларды, соның ішінде жауын-шашын мен топырақ ылғалдылығының деңгейін бақылауды, құрғақшылық кезеңі үшін тасқын суды жинау мен сақтау, су үнемдейтін технологияларды енгізуді және құрғақшылыққа төзімді дақылдарды пайдалану арқылы ауыл шаруашылығын бейімдеуді көздейді.

«Құжат мемлекеттік органдардың су тасқыны мен құрғақшылыққа қарсы іс-қимыл мәселесіндегі өкілеттіктерін нақты айқындайды. Енгізілген түзетулер су секторының климаттың өзгеруіне бейімделуіне, судың зиянды әсерінің қаупін азайтуға және гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігін арттыруға жағдай жасайды», - деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су саясаты департаментінің директоры Серікжан Бекетаев. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#су кодексі #өзгерістер #толықтырулар #су тасқынынан қорғау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.