Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Жаңа саябақ және жолдарды жөндеу

Жаңа саябақ және жолдарды жөндеу

Әлеумет 15.03.2024, 13:53 1,118
Жаңа саябақ және жолдарды жөндеу
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматы әкімімен кездесулерде айтылған қала тұрғындарының мәселесі қалай шешіліп жатыр


Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кезекті кездесуін өткізді. Қала әкімдігінің баспасөз қызметінде 2023 жылдың шілдесінде осы аудан тұрғындарымен кездесуде мегаполис басшысының берген тапсырмалары туралы айтылды.


Сол кезде «14-аумақ» және «Қарасу» шағын аудандарының тұрғындары ұзаққа созылған инженерлік желілерді төсеу мәселесін көтерді. Соның нәтижесінде «14-аумақ» шағын ауданының 16 көшесінде 600-ден астам меншік иесінің учаскелерінің шекарасына дейін тарату желілерін монтаждай отырып, 7,5 км сумен қамту және кәріз желілері салынды. Сонымен қатар, тротуарлар мен жартылай арық желілері бар асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді. «Қарасу» шағын ауданында 25 км сумен қамту және су бұру желілері салынды.



  • Аудан халқының өтінішімен №24, 125, 19, 88 маршруттардағы автобустар жаңартылды, барлығы 52 бірлік жылжымалы құрам. Сонымен бірге 13 жаңа көтергіш пен бейнебақылау жүйесін орната отырып, 18 жер үсті жаяу жүргіншілер өткеліне күрделі жөндеу жүргізілді. 5 жер асты жаяу жүргіншілер өткелін жөндеу аясында шатыр жаңартылды, тротуар плиталары, урналар мен жарықтандыру ішінара ауыстырылды. Жыл қорытындысы бойынша аудандағы 12 шағын аудандағы 63 көшедегі жолдар орташа жөндеумен қамтылды.

  • Бұған қоса, аудан тұрғындары қатты жаңбыр кезінде әртүрлі учаскелердің су басуына алаңдаушылық білдірді. Соның нәтижесінде 7 коллектор тазартылып, қалпына келтірілді, 3 коллектор салынды, сондай-ақ 8 учаскеде ұзындығы 1,1 км арық желісінің құрылысы мен жөндеуі аяқталды.

  • Кездесуде аудан тұрғындары «Қарасу» шағын ауданы саябақ аймағын жабдықтау туралы ұсыныс жасады. Қала әкімі өтінішті қолдап, Бағаналы Орда көшесінде тротуар төсеу, орындықтар, урналар орнату, көшелерді жарықтандыру және аумақ көгалдандырылды. 


Сонымен бірге, Ерболат Досаевтың тапсырмасымен Алатау ауданында инновациялық шығармашылық орталығы ашылды, онда коворкинг-аймақ, балаларға арналған интерактивті зал, аспаздық, актерлік шеберлік, музыка студиялары, оқушыларға арналған демалыс аймағы бар ашық терраса, сондай-ақ логопедтер, дефектологтар, психологтар жұмыс істейтін ЕДШ-залдары мен түзету кабинеттері бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Алатау #әкім #кездесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.