AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жаңа мобилді қосымша: таксистер мен курьерлердің с...

Жаңа мобилді қосымша: таксистер мен курьерлердің салықтарын есептеу

Әлеумет 11.07.2023, 06:29 1,174 Almaty-akshamy.kz. 
Жаңа мобилді қосымша: таксистер мен курьерлердің салықтарын есептеу
Сурет: ашық дереккөз

Ол үшін «e-Salyq Business» арнайы мобильді қосымшасындағы негізгі режимді таңдау керек


Кез келген басқа кәсіпкерлік қызмет түрлерін жүзеге асыру кезіндегідей такси немесе курьерлік жеткізу қызметтерін көрсету кезінде де жеке кәсіпкерлікті тіркеп немесе жалдамалы қызметкер ретінде рәсімделіп, салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеу міндеттелген. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінде тағы да еске салды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Бұл талаптар жаңадан енгізілген жоқ.  Бірақ барлық такси жүргізушілері оларды орындай бермейді, өйткені олардың пікірінше, жеке кәсіпкер ретінде тіркелу бірқатар міндеттемелерді тудырады (салықтарды, әлеуметтік төлемдерді есептеу және декларацияларды тапсыру).


Сондықтан Мемлекеттік кірістер комитеті міндеттемелерді орындау үшін «e-Salyq Business» арнайы мобильді қосымшасы негізіндегі режимді таңдауды ұсынады. Онда салық декларациясын тапсырудың қажеттілігі жоқ, табыс салығының 1 пайызы мөлшеріндегі міндеттемелерді және әлеуметтік төлемдерді (зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және медициналық сақтандыру) қосымшаның өзі есептейді, -деп жазды  Azattyq Ruhy.


Осыған байланысты, интернет-платформаларды пайдалана отырып қызмет көрсететін тұлғаларға салық міндеттемелерін орындауға көмектесу үшін МКК «e-Salyq Business» мобильдік қосымшасын пайдалана отырып, салық режимі негізінде пилоттық жоба іске қосты.


Оның аясында тікелей интернет-платформада жеке кәсіпкерлікті тіркеуге болады, интернет-платформа операторы табысты төлеген кезде, таксист (курьер) тарапынан келісім болған жағдайда тиесілі салықтар мен әлеуметтік төлемдер ұстап қалады және төлейді. Содан кейін мәліметтер автоматты түрде Мемлекеттік кірістер комитетіне беріледі. Сондай-ақ кәсіпкердің өзі мобильді қосымшаның есептеген салықтары мен әлеуметтік төлемдерін төлейді.


Бұл жеке тұлғаны салық органдарына барудан толығымен босатады.  Сондай-ақ, салықтарды есептеу мен төлеудегі қателіктерді болдырмайды және такси жүргізушілеріне қаржылық жүктемені арттырмауға мүмкіндік береді. Өйткені такси жүргізушісі делдалдарсыз платформадан тікелей тапсырыс ала алатындай етіп, бизнес-процестер реттеледі.


Бүгінгі таңда «Яндекс.такси» және интернет-платформалардың басқа операторларымен ақпараттық жүйелерді баптау жұмыстары жүргізілуде, бұл жұмыстар аяқталған соң заматтар ерікті негізде пилоттық жобаға қосыла алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#таксис #курьер #салық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);