AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жаңа министрлік жаңа мамандықтар енгізуді ұсынд...

Жаңа министрлік жаңа мамандықтар енгізуді ұсынды

Әлеумет 24.10.2023, 07:24 1,241
Жаңа  министрлік жаңа  мамандықтар  енгізуді ұсынды
Сурет: Ашық дереккөз

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарының қолданыстағы жіктеуішіне түзетулер енгізіп, бірқатар мамандықтарды қосуды ұсынды,  деп  хабарлайды  Almaty -akshamy. kz.


Атап айтқанда, «Гидротехникалық құрылыс және нысандар», «Мелиорация және суармалы егіншілік», «Елдімекендерді сумен жабдықтау және су бұру», «Су ресурстарын басқару», «Гидротехникалық мелиорация», «Су шаруашылығындағы технологиялық процестерді автоматтандыру және басқару», «Инновациялық технологиялар және оларды су шаруашылығында пайдалану», «Ирригациялық жүйелердегі гидроэнергетикалық нысандар», «Гидромелиорациялық жұмыстарды механикаландыру», «Су шаруашылығы экономикасы» мамандықтары.


Дәл осы мамандықтарды магистратура және докторантура бағдарламаларына да қосу ұсынылады. Ал, бейінді жоғары оқу орындарының студенттері гидротехникалық құрылыстардың барлық түрі бар министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарында өндірістік практикадан өтеді деп жоспарланып отыр.


Сондай-ақ, министрлік қазақстандық студенттерді су саласы мамандықтары бойынша жақын және алыс шетелдердің жоғары оқу орындарында оқыту үшін грант бөлу мәселесін де қарауға ниетті. Бұдан бөлек, су шаруашылығы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру орталықтары ұйымдастырылады. Ал халықаралық серіктестермен бірлесіп жоғары оқу орындарында жаңадан «Су дипломатиясы» мамандығын енгізу жоспарлануда.


«Кадр тапшылығы мәселесін шешу үшін министрлік су ресурстарын басқару, пайдалану және қорғау саласындағы мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру бағдарламаларын жетілдіру жөнінде қажетті шаралар қабылдауға ниетті. Су шаруашылығы мамандарының жалақысын арттыру мәселесі жеке қаралатын болады.
Сонымен қатар, біз басқа елдердің тиімді тәжірибесін қабылдайтын боламыз. Ол үшін халықаралық байланыс бағытында белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр», - деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Су министрлігі #Жаңа мамандықтар #ұсыныс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);