ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Жолдау 2023 / Жаңа міндеттерді жүзеге асыруға Алматының қосар үл...

Жаңа міндеттерді жүзеге асыруға Алматының қосар үлесі де ерекше болмақ 

Жолдау 2023 03.09.2021, 05:14 1,783
Жаңа міндеттерді жүзеге асыруға Алматының қосар үлесі де ерекше болмақ 
almaty-akshamy.kz
Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауында тәуелсіз еліміздің даму жолындағы басым бағыттар мен негізгі мақсаттарды айқындады.

Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауында тәуелсіз еліміздің даму жолындағы басым бағыттар мен негізгі мақсаттарды айқындады.



Ең алдымен, адам әлеуетін арттыруға арналған Жолдауда 7 бағытқа баса назар аударылып, 5 маңызды бастама көтерілді.
Дәлірек айтқанда, мемлекет тарапынан азық-түлік бағасын бақылау, ең төменгі жалақы мөлшерін 60 мың теңгеге ұлғайту, зейнетақы қорындағы қаражатты «Отбасы банк» арқылы аударым жасап, баспаналы болуға мүмкіндік беру. Бұл бастамалар әрбір тұрғынның өмір сүру деңгейін көтеруге арналған.
Ел Президенті қойған міндеттер Nur Otan партиясының 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасының бағыттарымен үйлесіп, жекелеген тұстарын толықтырып отыр. Біз бұл мақсат-міндеттерге Елбасы саясатының сабақтастығын қамтамасыз ете отырып қол жеткізе аламыз.
Нақты істер партиясының жоспарлары – халықтың қажеттіліктерінен шығып, көмек көрсетумен қатарлас. Осы ретте халықпен билік арасындағы көпір саналатын партияның  қоғамдық қабылдауында мәселелерді шешудің негізгі тетігі орналасқан. Ал Қасым-Жомарт Кемелұлының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізіндегі бұл Жолдауда барлық көтерілген мәселелердің шешу жолдары нақтыланған.
Осы орайда Жолдаудағы жаңа міндеттерді жүзеге асыруға Алматы қаласының қосар үлесі де ерекше болмақ. Мемлекет басшысы айтқандай, республика бойынша мектептердегі орын тапшылығы 225 мың орынды құрайды. Бұл ретте партияның жаңа мектептер ашу және жұмыс істеп тұрған мектептерге жапсарлас құрылыстар салу есебінен оқушы орындарының тапшылығын төмендетудің  айқын жоспары Nur Otan партиясының Жол картасында бар. Бұл 2025  жылға дейін Алматы қаласы бойынша жалпы 30 000-нан астам оқушыға арналған 15 мектеп пен 25 мектепке жапсаржай салуды білдіреді. Біз осы және басқа да көрсеткіштерге партиялық бақылауды кеңестер мен фракция депутаттарының жұмысын күшейту арқылы қол жеткізуге барымызды саламыз.
Nur Otan партиясының Алматы қалалық филиалы, өз кезегінде, әр алматылықтың лайықты өмір сүруі үшін жағдай жасап, Ел Президентінің Жолдауында қойылған міндеттердің үдесінен шығу үшін белсенді әрекетпен жұмыла кірісетін болады. Партияластар осындай сын сағатта үнемі алдыңғы лектен көрінеді деп сеніммен айта аламын.



 



Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,432 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.